Сабақ жүргізу барысында оқушыларды жекелей де, топтық та жұмылдырып жұмыс жасады. Қабілеті төмен оқушылар үшін қышқылдармен жұмыс жасау ережесін еске түсіру арқылы техникалық қауіпсіздік сақтауды үйренеді. Практикалық жұмыс жасау барысында химиялық құралдарды қалай пайдалануды қайда пайдалануды үйренеді. Орташа белсенді оқушылар зертханада көмірқышқыл газын алуды үйренеді. Қасиетін саралайды,сипаттайды. Газдың қалай бөлінгенін дәлелдей алады. АКТ-ны пайдалану. Жоғары белсенді оқушылар барлық реакция теңдеулерін жаза отырып теңестіреді қандай құбылыс болғанын айтып түсіндіре алады. Зертханада жүргізген реакциялық құбылысты өмірмен байланыстыра отырып сипаттайды. Жақсы-жаман жағын қорытады.
|
Осы сабақта оқушылар материалдарды қалай меңгергенін білу үшін қолдандым. Әрбір топқа жеке-жеке бағалау критерилерімен дискрипторлар қолдана отырып үйренгендеріне көз жеткіздім. Сабақ барысында мынадай тәсілдерді қолдандым. «бас бармақ» әдісі арқылы баланы қолдау, қолпаштау.
Оқушы – оқушыны өзара бағалайды.
Дискрипторлар және смайликтер арқылы.
Түрлі-түсті тәттілер тарату арқылы
Кері байланыс «тазалық» ойыны
|
Зертханалық жұмыстың жүргізілуі кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтауды қатаң түрде қадағалау. Әрбір химиялық ыдысты қолданып болғаннан кейін тазалау жұмыстары мен өз орындарына қою. Қышқылдармен жұмыс кезінде «су+қышқыл» принцепін ұстануды үйрету.
Қышқылжауындардың табиғаттағы зардаптары экологиялық мәселелері экология пәнімен тығыз байланысты. Көмірқышқыл газының табиғаттағы айналымын түсіндіруде .Адам организіміндегі көмірқышқыл газының сырқа шығуын, фотосинтез процесін биологиядан алған білімдерін пайдалану арқылы жұмыс жасайды.
|