Қолдану:
Қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі
Металдардың химиялық кернеу қатарын пайдаланып, мына реакция теңдеулерін аяқта және теңестіріңдер.
1-топ
K 2СО3 + HCl =
Al2(CO3)3 + HI =
2-топ
Na 2СО3 + H2S =
Zn СО3 + H2SO4 =
3-топ
Mg СО3+ HI =
Fe СО3 + H3PO4 =
Формативті бағалау
Оқушыларға түрлі – түсті тәттілер тарату арқылы бағалау
Қызыл – өте жақсы
Жасыл – жақсы
Көк – орташа
«жас химиктер»
№ 3 практикалық жұмыс
«Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмір қышқыл газына сапалық реакция»
Мақсаты: Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуін және алынатын өнімдерді зерттеу.
Көмірқышқыл газын алу жөніндегі тәжірбиені бастар алдында ең алдымен құрылғыны құрастыру ж/е қауіпсіздік ережесін еске салу.Прибор құрастыру кезінде диалог, сұрақ-жауап ұйымдастырады.
Қышқылдармен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік ережесін ұстанамыз?
Тақтадағы суреттерді пайдаланып ережені еске түсіріңдер?
Жұмыс барысы: әрбір топқа әр түрлі карбонаттар таратылады.
1-топ: кальций карбонаты
2-топ: магний карбонаты
3-топ: барий карбонаты
сынауыққа бірнеше кесек карбонаттарды салып, оған сұйылтылған тұз қышқылын қосыңыз. Сынауықты газ өткізетін түтікпен жабыңыз. Бөлінеген газды бақылаңдар және сынауықтың ұшын 2-3 мл. ізбес суы бар және жанып тұрған май шамы бар сынауыққа салыңыз. Бірнеше минут ізбес суынан газ көпіршіктерінің өтіп жатқанын бақылаңыз. Сонан соң газ өткізетін түтіктің ұшын ерітіндіден суырып алып, 2-3 мл. дистелденген суы бар сынауыққа салып, газ жіберіңіз. Бірнеше минуттан соң түтікті ерітіндіден алып, алынған ерітіндіге көк лакмус қосыңыз. Қандай
құбылыс байқалады?
Достарыңызбен бөлісу: |