2. Электр тогының әрекеттері.
Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады:
Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (эл.шам, үтік, эл.плитка...) кеңінен қолданыста екенін жақсы білеміз.
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ертіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ертінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стаканды көрсету)
Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. Токтың бұл қасиеті электрмагниттік крандарда қолданылады.
Токтың физиологиялық қасиеттері. Бұл қасиеттің бір атап өтерлігі, осы қасиеттің арқасында физикадағы ұлы жаңалық, электр тогы ашылған. Жануарлар денесінен ток өтсе онда бұлшық еттер жиырылады. Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
- Ток көздеріне нені жатқызуға болады?
Сонымен қатар ток көздеріне мыналар жатады:
♦ Гальвани элементтерінде (эл.батареясы) – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Бұл элементте қандай энегрия эл.энергиясына түрленеді?
♦ электрофор машинасында оның дискілері металл шеткамен үйкеліп зарядтар оң және теріс полюске жиналады да ток көзі пайда болады, яғни электр энергиясы өндіріледі. Қандай энегрия эл.энергиясына түрленеді?
♦ генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің мехнаикалық энегрялары қолданылады.
♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядттар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болалады. Қандай энегрия эл.энергиясына түрленеді деп ойлайсыңдар?
|