7.1.1.1; Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау
7.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар әдеби шығармадағы образдарға талдау жасай отырып,жыр мәтініндегі сөздердің мағынасын ашады, тіліне талдау жасайды сөздікпен жұмыс жасай отырып,,ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен үндестігін салыстырады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.