Сабақтың тақырыбы: Құстар әлемі Сабақтың мақсаты: 5.2.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау;
5.4.3.1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Өзі сақ, өзі ұсақ, Шықылықтап тұрмайды Құйрығы ұзын, өзі ала Бұл қандай құс?
Көлдің көркі, сәні екен Ұшқанда сазды ән екен. Ақындар оны мақтаған Адамдар қорғап сақтаған Бұл қандай құс?
Тоқ — тоқ етіп Ағашты ояды. Ондағы құрттарды Тауысып қояды.
Жер көкті кезіп Тамағын табады. Үйіме үйін Балшықтан салады.
— Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді «Тізбектей оқу» әдісі арқылы аударады, мазмұнын түсінеді.
Жеке жұмыс:
1-тапсырма.
Мәтінге ат қойыңдар.
Мәтін мазмұнын ашатын сұрақтар құрастырыңдар.
Мәтіннен негізгі, қосымша ақпаратты табыңдар.
2- тапсырма. Саралау тапсырмасы
Құстардың қандай түрін білесіңдер?
Ең әдемі, киелі құс қандай құс деп ойлайсыңдар?