Сабақтың тақырыбы: Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш


Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме



бет18/76
Дата21.11.2022
өлшемі1,94 Mb.
#51610
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76
Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме

Шамалар арасындағы тәуелділіктердің барлығы формулалармен немесе кестелермен ғана берілмейді. Шамалар арасындағы тәуелділіктер арнайы сызбалармен (чертёждер), яғни графиктер арқылы беріледі.
Графиктер бойынша: ауа температурасының тәулік ішіндегі өзгерісін, жолдың уақытқа байланысты өзгеруін, заттың құнының оның санына және бағасына тәуелділігін т.б. білуге болады.
Шамалар арасындағы тәуелділіктерді графикпен кескіндеу үшін тік бұрышты координаталар жүйесін (Oxy) пайдаланамыз. Координаталық жазықтықта (Oxy) тәуелсіз айнымалы шамалар мәндері абсциссалар осі (Ox) бойында кескінделсе, тәуелді айнымалы шамалар мәндері ординаталар осі (Oy) бойында кескінделеді.
Шамалар арасындағы тәуелділіктің графигі дегеніміз координаталық жазықтықтағы абсциссасы тәуелсіз айнымалы шамалар мәндері, ал ординатасы оған сәйкес тәуелді айнымалы шамалар мәндері болатын нүктелер жиыны.
Егер шамалардың тәуелділік графигі берілсе, онда график бойынша бір шаманың берілген мәніне сәйкес екінші шаманың мәнін табуға болады.
1-мысал. 1-суретте сәбіздің құнының оның массасына тәуелділігін былайша сипаттауға болады:

  1. формуламен: C= 100n;

  2. кестемен:

    t (сағ)

    0

    1

    2

    3

    s(км)

    0

    100

    200

    300

  3. графикпен:

Ауа райын бақылау (метерологиялық) мекемелерінде арнайы құрал – термографпен ауаның тәулік ішіндегі температурасының графигін сызып бақылайды.



2-мысал. 2-суреттегі берілген график ауа температурасының бір тәуліктегі өзгерісін көрсетеді.
Графиктен бір тәулік ішіндегі ауа-райының қалай өзгергендігін бақылайық.
Ол үшін координаталық жазықтықта бір тәуліктегі сағат абсциссасы, оған сәйкес ауа көрсеткіші ординатасы болады.
-сурет.
1) Сағат 2-де, 11-де және 22-де ауа температурасы 0°C болды.
2) Сағат 6-да ең төменгі температура - 4,5°C көрсетті.
3) Сағат 15.00-де ең жоғарғы температура +6,5 °C көрсетті.
4) Сағат 6-дан 16-ға дейін ауа температурасы жоғарылаған.
Демек, сағат 16-дан кейін ауа райының көрсеткіші қайта төмендеген.
Дәрігер жүрек соғуының графигі – кардиограмма арқылы жүрек ауруларын зерттейді, ал экономистер белгілі бір өнім түрінің өзгеріс графигін зерттеп отырады.
Жер қабатының қозғалысын бақылауда, халықшаруашылығында, ғылымда, зерттеу, бақылау жұмыстарында график кеңінен қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет