Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.
Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
. Өткен тақырыпқа қысқаша шолу Аттас айнымалылары теңдеулердің әрқайсысында бірдей шамаларды білдіретін, бірігіп шешілетін бірнеше теңдеуді теңдеулер жүйесі деп атайды.
Жазылуы: - құрамында екі сызықтық теңдеуі бар теңдеулер жүйесі.
Теңдеулер жүйесіндегі әрбір теңдеуді тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын осы теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды.
1-мысал. (1;-2) сандар жұбы
теңдеулер жүйесінің шешімі болатындай k мен l-дің мәндерін тап.
Шешуі:(1; -2) сандар жұбын теңдеулер жүйесіне қоямыз: