Есеп. Жаяу жүргінші 4 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта, 3 сағатта, 4 сағатта неше километр жол жүреді?
Шешуі. Берілген жылдамдық және уақыт бойынша жүрілген жолды табайық: s= v·t. s= 4·2=8 (км)-жаяу жүргіншінің 2 сағатта жүрген жолы; s= 4·3=12 (км)-жаяу жүргіншінің 3 сағатта жүрген жолы; s= 4·4=16 (км)-жаяу жүргіншінің 4 сағатта жүрген жолы; s= v·t формуласында жылдамдық (v)-тұрақты шама, ал жол (s) және уақыт (t) – мәндері өзгеріп отыратын шамалар.
Сан мәндері өзгеріп отыратын шамалар айнымалы шамалар деп аталады. Есептің мазмұнындағы жаяу адамның 4 км/сағ жылдамдықпен жүру жолының ұзындығы (s) оның жүру уақытына (t) тәуелді.
s = 4·t тәуелді айнымалы тәуелсіз айнымалы
Есептеу нәтижесі бойынша, тәуелсіз айнымалының әрбір бір мәніне тәуелді айнымалының бір мәні сәйкес. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндері – A жиынының әрбір элементіне тәуелді айнымалы шама мәндерінің B жиынынан бір ғана элемент сәйкес.
графиктік
Мысал. Заттың құны мен оның санының немесе мөлшерінің арасындағы тәуелділік. Егер заттың 1 кг-ның бағасы 450 тг болса, оның x кг-ының бағасы 450x тг болады.
C= 450·x тәуелді айнымалы тәуелсіз айнымалы
Тәуелсіз айнымалы x-тың берілген бір мәніне тәуелді айнымалы – C-ның бір ғана мәні сәйкес келеді.
Тапсырмалар.
№1. Кубтың қыры a см, оның көлемін (V) табыңдар. Мұндағы a=4; a=5.(Шығару үшін бейнежазбаны көр.2.1-тапсырма)
№2. Дөңгелектің радиусы 5 см.осы дөңгелектің диаметрін тап.(Шығару үшін бейнежазбаны көр.2.2-тапсырма)