b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы () деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
= 1-мысал. Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап.
Шешуі.
Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз:
10+18+9+3 = 40
Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз:
40 : 4 = 10
Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10
немесе == 10
Жауабы: 10 градус
2-мысал.
Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?
Тапсырмалар. Сыныптағы бірнеше оқушының бойларын өлшегенде 150 см, 160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай?
2)Асыл дүкеннен 75 теңгеден 4 көк қаламсап және 65 теңгеден 6 жасыл қаламсап сатып алды. Бір қаламсаптың орташа бағасын анықта.