3. Қайталау. Жұмыс үстелі: (өткен тақырыпты және алдыңғы білімді пысықтау үшін оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады) Мүмкін сұрақтар. Тірек сигнал.(бұл сұрақтар оқушылар айтпай кеткен жағдайда қойылады) Дөңгелек сектор ұғымы нені білдіреді
мына диаграмма нені көрсетеді?
мына диаграмма нені көрсетеді?
мына диаграмма нені көрсетеді?
диаграммаларды салу алгоритмі қандай?
(мадақтау)
Слайд
Жапырақтар, топтың аттары,
Сұрақтар
Сабақтың ортасы 5 минут
13 минут
2 минут
7 минут 5 минут
4. Жаңа сабақ түсіндіру. АКТ. - Кесте және диаграмма салу үшін нені білу керек?
- Ал, балалар өткен сабақты қайталадық және кесте сызу, диаграмма салу үшін деректер қажет екенін байқадық.
Сабақтың тақырыбын жене мақсатын айтамын. - Күнделікті өмірде адам кейбір мәліметтерді алу және өңдеу қажеттілігімен кездеседі. Мысалы, география, тарих сабақтарында кестемен жұмыс және графиктік түрде берілген мәліметтерді қабылдай біліп, ал химия, физика, биология сабақтарында тәжірибелік және сарамандық жұмыстарды жүргізу кезінде олардың қорытындысын өңдей білуі қажет. Мұндай біліктілік әр адамға керек, себебі, әр түрлі формада берілген статистикалық материалдарды – журналда, газетте, теледидарда және т.б. мәліметтердің қайнар көзінде үнемі кездестіріп отырамыз. Әрбір адам өмірде оқиғаларды сараптап, өз шешімін қабылдай білуі қажет. Зерттеулердің қорытындысын талдағаннан кейін, оны кесте, диаграмма түрінде көрнекі етіп көрсеткен дұрыс. Ал статистика дегеніміз не? Статистика деген мәліметтерді жинау және талдау ғылымы.