Сабақтың тақырыбы Ұстазым-қамқорым менің, баулыған асыл өнерге Сабақтың мақсаты



бет2/3
Дата16.11.2022
өлшемі113,45 Kb.
#50630
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
6 сынып 3 топ өзгерг қмж

2.Шығармашылық жұмыс.Топқа бөлініп, әр топ «Менің ұстазым» тақырыбына шағын постер құрап және әр топ өздерінің жұмысын жария етеді.


3.Тыныштық сәті. Балалардың денесі, ойы тынықтырылады. Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуға да болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап,
айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз. ( 2 минут)Балалар, ойланып болсақ көзімізді ашайық.


4. Ребус шешу. Бізде бүгін Ы. Алтынсаринның дәйексөзін сурет арқылы шешіп көрейік.



« Мұғалім – мектептің жүрегі »
- Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді.


5. Жаңа ақпарат. Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

Қағазға сол жақ бөлігінде ұстаздың суреті салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос торкөздерге өз ұстазыңа сыйлағың келетін суретті салып, бояңдар.


- Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз.


Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға


үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.


6. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық.
Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген
сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.


Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.

Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет