Тірек сөздер: Сырдың суы, Әлдилеген, Ана, Сұлу, Өзен, Туған ел.
Өз туған жеріңіз жайлы шағын сипаттамалы эссе жазыңыз.
4) Талдау.
Берілген мәтін бойынша дұрыс-бұрыс ақпараттарды анықтаңыз.
Сырдария — Орталық Азиядағы өзен. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Орта ғасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Әмудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды. Сырдарияның төменгі ағысындағы өңірдің геологиясын, геоморфологиясы мен бедерін, климатын, өсімдігін, топырағын, жер бетіндегі және жерасты су қорларын, Арал теңізінің экология-географиялық жағдайын, теңіздің тартылу себептерін, шаруашылық салаларының (егіншілік, мал өсіру, балық өндірісі) дамуын, суармалы жердің мелиоративтік күйін, қоршаған орта нысандарының химиялық заттармен ластануын талдаған әдебиеттерге шолу жасалған. Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі атырауы. Батысында Арал теңізі орналасқан.
Ақпарат:
|
Дұрыс:
|
Бұрыс:
|
Сырдария - Орталық Азидағы өзен.
|
+
|
|
Қазақстандағы жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Еділ» деп атайды.
|
|
+
|
Батысында «Балқаш» көлі орналасқан.
|
|
+
|
«Сырдария» өзені Қызылорда облысының әкімшілік аумағында орналасқан.
|
+
|
|
5) Жинақтау.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазыңыз.
Білем сені, сүйем сені
Сырдың суы қарт .......,
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы ............,
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса .......... Еділді,
Неге маған жырламасқа
....... туған елімді.
Ел анасы менің анам
Сырдың сұлу өзені.
Қуан, ана! Ақыныңның,
Келді жырлар кезегі.
Келдім бүгін көрдім сені,
Сүйсең міні маңдайым:
........... отырмын мен
Көріп көзбен ел жайын.
Жасарыпсың .......... ана
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең дағы жасыңа.
Қарт .........., ескі достың
Көремісің айбатын.
Электрі мың моторлы,
Асқан алып қайратын.
Сен де маған, жаным .....,
Днепрдей жарық бер.
Қол жетпеген көк жұлдызын,
Құшағыма алып бер.
Сол кезде де, жаным ана,
Өзіңменен тең болам.
Сырда туған Сырдың .......,
Жаңа Гейне мен болам.
Қажетті сөздер: анам, Рейнесін, Сырда, Пушкин, Қадірлі, Құшағында, ана, Днепр.
Өз еліне деген сүйпеншілігін, сол елдің табиғат сұлулығын көреткен қандай ұлы тұлғалар жайлы білесіз?
6) Бағалау.
1. Әбділда Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңін оқиды, түсінеді. 2 балл
2. Автордың негізгі айтар ойын анықтайды. 2 балл
3. Сырдария өзені жайлы ақпарттармен танысады. 2 баллы
4. Өз туған жері жайлы сипаттамалы эссе жазады. 4 балл
5. Оқушының өз туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігі оянады. 2 балл
Достарыңызбен бөлісу: |