Сабақтың тақырыбы: Су тіршілік көзі. Көркем шығарма: Ә. Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі



бет1/2
Дата16.10.2023
өлшемі107 Kb.
#115558
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Қайрат Айым соөж2


ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті



Факультеті: Филология институы
Мамандығы: 6В01704 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»

«СОӨЖ 2»
Орындаған:Қайрат Айым КРО 301-топ


Тексерген:Қабатай Б.Т.

Алматы, 2023




Қазақ тілі мен әдебиеті «5» сынып.
Сабақтың тақырыбы: Су - тіршілік көзі.
Көркем шығарма: Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі.
Бағдарламаға сілтеме: 1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау, 2. Оқушының өз еліне деген сүйіпеншілігін ояту, мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтау. 3. Шағын эссе жазуды үйрену, соған сүйеніп өз туған жері жайлы баяндау.
Сабақтың мақсаты: Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңін оқып, түсінеді, тірек сөздер арқылы негізгі тақырыпты анықтайды, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру, эссе құрылымын сақтай отырып, табиғатты белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.


1) Білу. Әдбілда Тәжібаев – ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы. Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді. Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленіп, Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін, (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген. Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші Қазақ» газетінен бастайды. Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1933 ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шыққан.
Туған жеріне, еліне деген сағынышын, ыстық сезімін айтудан шаршамаған, қазақтың қадірлі ұлы Әбділда атамыздың өмір жолы және шығармашылығымен танысып, қазақ әдебиетіне өзіндік жыр жолдарымен қолтаңбасын қалдырған ақынның «Сырдария» өлеңіне тоқталамыз.

Білем сені, сүйем сені


Сырдың суы қарт анам,
Сенсің мені әлдилеген,
Туған сенен мен балаң.
Сүйсе Гейне анам десе
Сүйген суы Рейнесін,
Сырдың суы туған ол да
Өз ақынын Гейнесін.
Жазса Тарас Днепрді,
Жазса Пушкин Еділді,
Неге маған жырламасқа
Сырда туған елімді.
Ел анасы менің анам
Сырдың сұлу өзені.
Қуан, ана! Ақыныңның,
Келді жырлар кезегі.
Келдім бүгін көрдім сені,
Сүйсең міні маңдайым:
Құшағыңда отырмын мен
Көріп көзбен ел жайын.
Жасарыпсың қадірлі ана
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең дағы жасыңа.
Қарт Днепр, ескі достың
Көремісің айбатын.
Электрі мың моторлы,
Асқан алып қайратын.
Сен де маған, жаным ана,
Днепрдей жарық бер.
Қол жетпеген көк жұлдызын,
Құшағыма алып бер.
Сол кезде де, жаным ана,
Өзіңменен тең болам.
Сырда туған Сырдың ұлы,
Жаңа Гейне мен болам.

2) Түсіну. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


1. Әбділда Тәжібаев кім?
2. Әбділда Тәжібаевтың ең алғаш шыққан өлеңдер жинағы қалай аталады және қай жылы шықты?
3. Автордың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қай өлеңінен байқаймыз?
4. Қазақстандағы өзен, көлдер жайлы не білеміз?
5. Александр Сергеевич Пушкин қай өзен туралы жазған?

3) Қолдану.


«Сырдария» өлеңіндегі негізгі тірек сөздер арқылы, автордың туған жеріне деген ішкі сезімін, сүйіспеншілігін суреттеп жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет