Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Білімді жүйелеу
Миға шабуыл. Қазақ елінің бас қаласы Астанада орналасқан 4 ғимараттың суреті ұсынылады. Сұрақтар бойынша талқылауды ұйымдастырыңыз.
Суреттен не көріп тұрсыз?
Олар туралы не айта аласыз?
Қайсысы биік немес аласа?
Қайсысы ескі немесе жаңа?
Оқушылардың ойын суретке жазба жазу қажеттігіне алып келіңіз. Суретке қандай жазба жазу қажет екенің талқылаңыз. (Мысалы, ғимарат атауы, биіктігі, жылы).
Мақсатты тұжырымдау
Сабақтың тақырыбын анықтатуыңызға болады. Кейін тақтаға әр суреттке қажетті жазбаны жазыңыз.
Оқу мақсатын талқылау. Оқушылармен оқыту мақсаты мен күтілетін нәтижелер туралы талқылау ұйымдастырыңыз.