Сабақтың тақырыбы: Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. №2 практикалық жұмыс



бет2/4
Дата30.12.2022
өлшемі0,57 Mb.
#60241
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
8 сын №29

«Ойлан, бірлес, бөліс» әдісі
1-топ. Зертханада алу.
1.Металдарды тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттестіру. Қышқылдармен реакцияға белсенділігі орташа металдар: Al, Zn және Fe қолданылады. Сутекті алу үшін Кипп аппараты қолданылады.
Сынауыққа 1-2 түйір мырышты салып, үстіне тұз қышқылының ерітіндісін құямыз. Реакция нәтижесінде сутек бөлінеді.
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
тұз мырыш
қышқылы хлориді
2. Натрий, кальций сияқты белсенді металдар сумен әрекеттескенде сутек түзіледі.
Натрий металының кішкентай бөлшегін суға салсақ, өте шабытты реакция жүреді, нәтижесінде сутек бөлінеді.
2Na + 2HOH = 2NaOH + H2
натрий
гидроксиді
Өнеркәсіпте алу.
Сутекті табиғи арзан шикізаттан алады.

  1. Жоғары температурада көмірді су буымен әрекеттестіреді.

С +H2O 1000 CO + H2
2. Метанды айыру.
CH4 1000 C + 2H2
3. Метанның су буымен әрекеттесуі. Реакция никель өршіткісі қатысында 13000 С температурада жүргізіледі.
CH4 + H2O Ni, 1300 CO + 3H2
2-топ. Физикалық қасиеттері.
Сутек – түссіз, дәмсіз, иіссіз ең жеңіл газ.
M(H2) = 2 г/моль, M(ауа) = 29 г/моль
сутек ауадан 14,5 есе жеңіл, суда нашар ериді, - 252 градуста сұйылады
. Химиялық қасиеттері.
1.Сутек оттекте жанып көп мөлшерде жылу бөледі және су түзіледі.
2 + О2 = 2H2O + Q
2. Сутек көптеген бейметалдармен әрекеттеседі.
Сутек хлор, бром, фтор, иодпен әрекеттесіп, ұшқыш қосылыстар түзеді.
H2+CI2= 2HCI
хлорсутек
3. Сутекті балқытылған күкіртке жіберсе шіріген жұмыртқаның иісіндей газ - күкіртсутек түзіледі.
H2+S = H2S
күкіртсутек
4. Сутек азотпен әрекеттесіп аммиак түзеді.
N2+3H2= 2NH3
аммиак
5. Сутек белсенді металдармен әрекеттесіп гидридтер түзеді.
2Na + H2 = 2NaH
натрий гидриді
Ca + H2 = CaH2
кальций гидриді
6. Сутек металл оксидтерімен әрекеттеседі.
CuO + H2= Cu +H2O
мыс (ІІ)
оксиді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет