1-тапсырма. Автордың кейіпкерлер арқылы не айтқысы келді? Соны анықтаңыз.
Шығармадан үзінді
Қай кейіпкердің сөзі немесе ойы
Автор не айтқысы келеді?
– Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой ару -ананың.Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар баласын адам -нан артық жоқтайды.
– Неге қиналмаймын, қарағым. Биылғы жұт елді титықтатып кетті ғой. Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаңсытып, таңдайды кептіріп отыр
– Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар
«Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау!»
Заманым өткен екен ғой!» – деп аһ ұрып, жалт бұрылды да:
– Ар жағын сен тарт!
Дескриптор:
Оқушылар автор бейнесі арқылы әңгіме кейіпкерлерін табады.
Автордың кейіпкерлер бейнесі арқылы не айтқысы келгенін анықтайды.
Автор бейнесін, кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды
Өзіңді тексер. Ықтимал жауап
Шығармадан үзінді
Қай кейіпкердің сөзі немесе ойы
Автор не айтқысы келеді?
– Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой ару -ананың.Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар баласын адамнан артық жоқтайды.
Күйші Естемістің сөзі.
Автор күйші Естемістің айтқан сөздері арқылы жануардың ішкі күйзелісін жеткізіп тұр. Адам баласы өз баласын тастап кетуі мүмкін, ал жануар өз төлін тастамайтындығын айтады. Аруананың зары адамнан да бетер екендігін түсіндіреді.
– Неге қиналмаймын, қарағым. Биылғы жұт елді титықтатып кетті ғой. Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаңсытып, таңдайды кептіріп отыр
Жаңылдың әкесінің сөзі
Жұт, аштық. Ауыр тұрмысты, жоқшылықты жеткізіп отыр автор. Адамзат баласына қанағатты, тәубасын ұмытпау керектігін жеткізеді. Мың өліп,мың тірілген қазақ даласындағы ауыр жағдайды көрсетіп тұр.
– Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар
Жаңылдың сөзі
Жаңылдың өжеттілігін, батылдығын жеткізеді автор.
«Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау!»
Жас күйші Оразымбеттің сөзі
Ұстазына деген құрмет, өнеріне деген қошемет.
Заманым өткен екен ғой!» – деп аһ ұрып, жалт бұрылды да:
– Ар жағын сен тарт!
Күйші Естемістің сөзі
Естемістің өкініші. Әр нәрсе өз уақытымен деген ойды айтпақшы автор.