Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.2.1.1 – музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну;
3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін,
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Ақпарат іздеу.
Мамыр айындағы халқымыз үшін қастерлі мерекелердің бірі – 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Берілген бейнежазба мен суретке қарай отырып, Ұлы Жеңіс күні жөнінде әңгімеле. Өзінің ерлігімен Отанын қорғаған қазақ майдангерлерін есіңе түсір.
2-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.
3-тапсырма. Орындау.
Егемен елім
Өлеңін жазған: О. Нұрмахан
Әнін жазған: А. Алмағанбетов Көңілім күмбез күн еді,
Тегінде бастау тілегі.
Ұрпағы сайын даланың
Елім деп соққан жүрегі.
Бұзылмас бірлік қаймағы, Жасампаздығы жайдары.
Сөгілмес кие ақ сауыт,
Ұлтымның ұлан айбары.
Қайырмасы:
Даладан алып кеңдікті,
Тұмарлап сәби теңдікті.
Байрақты биік көтердік,
Қастерлеп егемендікті
«ҚҚҚ» әдісі
-Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
|
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
9 мамыр мерекесінің қадір-қасиеті туралы ой толғайды.
«Жеңіс күні» әнін тыңдайды. Талдайды.
Әнді үйрену.
|
|
http://youtube.com/watch?v=5A7vt_qPLDE
http://youtube.com/watch?v=n664ZGywnrk
http://youtube.com/watch?v=DrznDBXS0fM
|