Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы»


Үй тапсырмасын сұрау: (5 мин) І «Тест» әдісі



бет2/3
Дата31.03.2023
өлшемі92,25 Kb.
#77944
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ky-ayzy

Үй тапсырмасын сұрау: (5 мин) І «Тест» әдісі
Үй тапсырмасы: «Бала шақтан-болашаққа» (автордың өмірі, шығармашылығы жайлы)
Тахауи Ахтанов қай жерде дүниеге келген? 
А) Ақтөбе облысы В) Батыс Қазақстан облысы С) Жамбыл облысы 
Жас жігіттің арманы не еді? 
А) журналист болу В) ұстаз болу С) жазушы болу 
Абай атындағы қазақ педагогика институтын бітірді ме, бітірмесе оған не 
себеп болды?
А) денсаулығының нашарлығы В) тұрмыс жағдайы 
С) Ұлы Отан соғысының басталуы
«Қаһарлы күндер» атты романы не туралы?
А) Соғыс туралы В) Әке мен бала туралы С) Күй туралы
Тахауи қандай шығармасы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықпен 
марапатталды?
А) «Боран» В) «Күй аңызы» С) «Дала сыры»
Жазушының ең алғашқы әңгімесі қалай аталады?
А) «Қаһарлы күндер» В) Күй аңызы» С) «Дала сыры»

Олай болса, өткен сабақты әрі қарай жалғастырамыз. Сендерге өткен сабақта Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін оқып келуге берілген болатын. Өткен сабақты еске түсіру үшін тақтаға назар аударайық. (Видео көрсетіледі, 6 минут)


IІ. Жаңа сабақ. (7 мин)
I . Топ Тілшілер
«Тілшілер» «Күй аңызы»әңгімесінің авторы, тақырыбы, жанр түрі, әңгіменің негізгі идеясы, композициялық құрылысына тоқталады.
Авторы –Тахауи Ахтанов.
Тақырыбы – Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті
Эпикалық жанр түрі – әңгіме, шағын оқиғалы шығарма.
Идеясы – Күй өнерінің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау.
Кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, қария
1.Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Қос күйшінің сұхбаты.
2. Оқиғаның байланысуы: Жалғыз нарға кезігуі. Естеместің домбырасына тіл бітуі. 
3. Оқиғаның дамуы: Қос жолаушының қараша үйге келуі.
4. Оқиғаның шиеленісуі:Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
5. Оқиғаның шарықтау шегі:Қарт күйшінің өнері немесе өмірге келген жаңа күй.
6. Оқиғаның шешімі:Естеместің жолын жас жігітке беруі немесе иіген нар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет