Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы»



бет3/3
Дата31.03.2023
өлшемі92,25 Kb.
#77944
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ky-ayzy

ІІ – топ. Тарихшылар.
Оқиға кейіпкерлерінің прототипі бар ма? Тарихта болған қандай күйшілерді білесіңдер? Шығарма қай жылы жазылған?

ІІІ – топ. Зерттеушілер.
Басқа да өздері білетін күйлердің шығу тарихы жайында мәлімет береді.

ІІІ«Сөздер сөйлейді» (3 мин)
1-топ. Тілшілер: Қарт күйшінің Оразымбетке менің күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе деген сөзін қалай түсінеміз?
2-топ: Тарихшылар: Естеміс күйшінің «күйге қыз берген қазақты әлі көрген жоқпын» - дегенінен не түсінуге болады?
3-топ: Зерттеушілер: Бозінгенді көргенде Оразымбет қорықты. Естеміс жан-жарасын түсініп аруана деп атады. Бозінгенмен Естеміс қарттың өмірінде қандай ұқсастық бар
Сергіту сәті Қане, балалар кішкене шаршаған шығармыз. Бәріміз орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. (3 мин)

IV. Әңгіме мәтініне сатылай кешенді талдау. Кейіпкерлерге баға(5 мин)
Кейіпкерлері
.
Портрет
Теңеу
Синоним
Антоним
Омоним
Тұрақты тіркес
Мақал -мәтел

Естемес: Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды. Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді, жақсы


Оразымбет:Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт. Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал,жоғары
Жаңыл:Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді.Кішіпейіл, ибалы, өжет, жоғары
Қарт:Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан. Көпті көрген, қонақжай, есті кісі, жақсы
V . Сөздікпен жұмыс: (2 мин)
тулақ- шикі тері
қолқа салу- сұрау
жоны-арқасы,
пейілі түсу-көңілі қалау т.б.
VІ. Ширату сұрақтары. («Бинго» ойыны) (4 мин)
1.Неліктен әңгіме Күй аңызы деп аталған?
2.Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер?
3. Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
4.Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
5.Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едіңіздер?
6. Өлімнен ұят күшті. Шалға қандай мінездеме берер едіңіздер?
7. Естемес күйшінің жүрегін бүлк еткізер, көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не?
8. “Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар” деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?
9. Жаңылдың іс-әрекетіне көз қарасыңыз?
10.Шығармада неліктен жағымсыз кейіпкерлер жоқ?
Бүгінгі «Күй аңызы» тақырыбын «Өнерлінің өрісі кең», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген тақырыптарда ой-түйінмен жинақтайық. Міне, балалар, бүгінгі сабақты сендер ой-түйінмен қорытындыладыңдар. Қазір де ата-бабаларымыз аңсаған қазақ күйі үлкен оркестрге айналды. Ол оркестр Құрманғазыдай ұлы күйшінің құрметіне Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі деп аталады. Ендеше біз сабақтың соңын Құрманғазы аталарыңның «Адай» күйімен аяқтайық.
Кері байланыс: (2 мин) (Смайликтер арқылы)
Үйге тапсырма: «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау:

«Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл орта мектебі» КММ



Сынақтық сабақ жоспары

Тақырыбы
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі


Машықтанушы: Қарабасова Қ.М.




2017 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет