Түзету- дамыту №42 Мерзімі: Сыныбы: Пән мұғалімі: Сабақтың тақырыбы: Қайда не өседі? Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы баланың білімдерін кеңейту. «Ерте» және «кеш» түсетін күз туралы түсінік беру. Ағаштардың, жемістер , көкөністердің қайда өсетінің бір – бірінен ажырата білуге үйрету.
Күз мезгілінің астық, жеміс – жидек көкөністерді жинау мезгілі екенін, күздегі ауылшаруашылық еңбек түрлері жөнінде түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ересектердің еңбегін құрметтеп, олардың еңбегінің нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезініп, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Мұғалімнің әңгімесі:
Орманда, тоғайларда жаз мезгіліндегідей емес. Құстардың шуылы азайған. Өйткені құстардың көпшілігі жылы жаққа ұшып кетті. Аққайың мен емендердің жапырақтары өзгеріп, сары түскен енген. Гүлдер мен шөптер солып, қурай бастады.
Сұрақтар:
1.Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
2.Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
3.Күздің келуімен орманда қандай өзгерістер болады?
- Күздің бірінші айы – қыркүйек «Алтын күз» деп аталады. Бұл кезде біз бау-бақшадағы жеміс-жидектерімізді жинап аламыз. Сондай-ақ «қоңыр күз» деп күздің ауа райы жанға жайлы кезін айтады. Күздің екінші айы – қазнды халық желді, ылғалды, жапырақтар көп түсетін кез деп атайды.
Күздің ең соңғы айы – қарашаны«Жартылай қыс» немесе «Мұз ұстасы» деп атайды.
Кейбір құстар күннің суытуына байланысты жылы жаққа ұшып кетеді. Бозторғай, сары шымшық – қыстап қалатын құстар. Құстар мен жануарларға қамқор болып жүру – үлкен парыз.
Сергіту жаттығуын орындату.
Өзіндік жұмыс:
1.Қ.Шаңғытбаевтың «Алтын күз» өлеңін жаттады.
2.Күзгі жапырақтарды боятады.
3.Табиғи материалдардың маңызы туралы айтып, олардан түрлі заттар жасауға болатындығын түсіндіру. Моншақ тізуге нұсқау береді.
4.Табиғаттағы ең негізгі ережелермен таныстыру.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.
Сұрақтар:
1.Күз айларын атаңдар.
2.Күз мезгілінің ерекшелігі неде?
3.Күздің барлық кезеңі бірдей ме?
4. Алтын күз қоңыр күзден айырмашылығы неде?