Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету


Мақсаты: Көру,есту,естесақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. Көріп қиялдауын дамыту жаттығулары



бет27/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Мақсаты: Көру,есту,естесақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.
Көріп қиялдауын дамыту жаттығулары.

Суреттегі бейнелерді пайдалана отырып, заттың толық аяқталмаған бейнесін аяқтап салып, басқа бір қызықты күлдіргі заттың бейнесінің суретін салу және аяқтауды ұсыныңыз. Бала суретті салып біткен соң ненің бейнесін салғанын әңгімелеп айтып беруін талап етіңіз.


Шыбық тимес шыңқ етер” ойыны.



Мақсаты: Ойын баланың өзіндік бағасының жоғарылауына, эмпатиялық дамуды жетілдіреді.
Мазмұны: Тәрбиеші балалармен бірге бірнеше сабақтарда пиктограммалы үлестірмелі қағаздар суретін салады. Балалармен әрбір пиктограммалар қандай мағына беретінін пікірлесу қажет. Мысалы: күлімсіреп тұрған адамның суреті-көңілділіктің, бірдей салынған конфеттердің суреті-жақсылық пен адамгершіліктің мағынасын білдіреді.
Егер балалар оқи алатын болса жаза алса пиктограмманың орнына қандай да бір жағымды мінез сапасын жазуға болады (міндетті түрде жағымды). Әр балаға 5-8 үлестірмелі қағаз берілді. Жетекші белгісінен кейін балалар жолдастарының арқасына барлық үлестірмелі қағаздарын жапсырып шығулары тиіс.

Түзету- дамыту №34
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: Мен өскенде...
Мақсаты: . Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету.
2. Баланың қызығатын заттары арман қиялдарын іске асыруға деген оқушының мүмкіндігі өз бетінше ізденуге машықтандыру.
3.Барлық мамандықтардың қыр-сырына тоқтай келе, болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру, ойнаса да, өмірге қойған мақсатына жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд (мамандық иелерінің суреттері)
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Танысу.Кім болам? Сұрағына жауап беру.Әңгімелесу.Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиһаздарды орналастыр» деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орындайды. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындатуға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т.б. ойындарды ойнатуға болады.

  • бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін /оң қол,сол аяқ т.б./ кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, артында, оң-сол жағында, жоғарыда-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.

  • Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң – жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.

Баланың заттардың салыстыра білуін тексеру.

  • Кеңістікте орналасқан ұзын–қысқа, биік – аласа, жалпақ – жіңішке, таркең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.

  • Біріншіден бала жалпылама үлкен – кіші деп жалпылама айта салады.

Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына үлкен лента, қысқа лентаны – кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету жасап отыру керек.

  • Аласа – биік бағана дегеннің орнына үлкен – кіші бағана деп айтуы мүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті, - аласа, ұзында қысқа, кең орнына тар.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет