Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет2/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
5.Сабақты қортындылау. Болашақта дұрыс жолға түсуге бағыт беру.


Пәні: Түзету- ырғағы
Мерзімі: 22.04.22 ж
Сыныбы: 3 т/д
Пән мұғалімі: Оразымбетов А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Тату жанұя ішіндегі өзара қарым-қатынас
Мақсаты: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсінігін қалыптастыру.
2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелесу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық. (баланы көңілдендіріп алу.)
2.Жаңа сабақ Сабақтын мақсатын айту. Кіріспе әңгіме.
- Балақай екеуміз тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.
- Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қайырлы күн!
- Сізді көргеніме қуаныштымын.
- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.
- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.
- Ал сенің үйіңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?
- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!
- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!
- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.
- Бір үйде қандай адамдар тұрады?
- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.
- Оларды ата.
- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.
- Дұрыс айтасың, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сен де отбасыңның бір мүшесісің.
2.Негізгі бөлім.
а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Мұғалім сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.
- Отбасы мүшелері қайда тұрады?
- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.
- Олар қалай тұрады?
- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.
ә) Сөздік жұмысын жүргізу.
Нағашы ата - анасының әкесі.
Нағашы әже - анасының анасы.
Немере - ұл - қыздарынан туған бала.
б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.
- Балақай, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып тап.
Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?
- Ата.
- Өзіңнің атаң туралы әңгімеле.
- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?
- Әже.
- Ал сеннің әжең қандай?
Бірінші бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.
Әке - асқар тау,
Ана - етегіндегі бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.
3. Сергіту жаттығуын орындау.
Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).
Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).
Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).
Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).
в)Өзіндік жұмыс
1. Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу.
2. «Сыңарын тап» ойыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет