Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет40/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Байланысты:
Түзету ырғағы қмж

Сабақтың барысы: Мұғалім балаға түрлі-түсті қағаздарды таныстыра отырып, қағаздың әр түрін көрсетіп, сапасына (қалың, жұқа, жұмсақ, қатты, бүктеуге болады) тоқталады. Мысалы: түрлі-түсті қағаздар, жұқа қағаздар оңай бүктеледі, тез қиылады. Қайшымен қиып көрсетіледі. Жазу жазатын, сурет салатын қағаз, фольга, т.б. Ал картон қағаздарды бүктеу қиын әрі қиюға келмейді.
Мұғалім: "Мына түрлі-түсті қағаздарды қарашы, түстерін айтып бер", — деп сауал қояды (қызыл, жасыл, сары, көк, т.б.). Пішінін сұрайды (тік төртбұрыш). Бір парақты ортасынан бүктеп үлкен-кіші көлемдерін салыстырады. Осындай тік төртбұрыштардан түрлі ойыншықтар жасап үйренеді. Үлгіге талдау жасап, әліппе-дәптердегі суреттерге назар аударады. Ойыншықты жасау үшін: парақ қағазды бұрыштарын, қабырғаларын теңестіріп ортасынан қос бүктейміз;
— үлкен тік төртбұрышымыз кіші тік төртбұрыш болды.
— оны ортасынан тағы қабаттап бүктейміз, бүктеу сызығын қолымен сипап сындырсақ, одан да кіші тік төртбұрыш болады;
— енді осы тік төртбұрышты сызық бойымен қиып аламыз, енді екі тең тік төртбұрыш болды;
— осы тік төртбұрыштан қоян немесе мысық жасауға болды;
— Қоянның құлағы, көздері қандай? Мысықтан ерекшелігін атап айту (Қоянның құлағы ұзын, көзі үлкен, т.б. Мысықтың көзі қысық, құлағы үшбұрышты). (Математикалық ұғымдармен байланыстыру).
— қағаз түстерін, дене бөліктерін бала өзі таңдап алған қағаз түсінен қиып жасайды;
— түсті қағазды қос бүктеп алып, ақ жағына — қоянның құлағы, аяғы, оны қию жолдары көрсетіледі, көзін, тұмсығын фломастермен жасату;
— үлгіге қарай отырып, дене бөліктерін орналастырып, желімдеу ұсынылады;
— балаға көмек көрсетіліп, бағыт беріледі;
— жұмысты аяқтай бастағанда өзі жасаған ойыншықтары туралы білетін өлең, тақпақ немесе жұмбақтарын айтып беруді сұрайды;
—өзі жасаған жұмыстарын бірлесіп талдау жасайды, жақсы жұмыстар мадақталады.
Сабақты қортындылау.Қағазбен жұмыс жасау барысындағы баланың талабын ұштап, ұқыпты жұмыс істей білу іскерлігіне машықтандырып, болашақта қағаздан тағы алуан түрлі ойыншықтар жасайтындығын айтып, іс-әрекетке қызығушылығын арттыра түсіп, сабақты аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет