« Айналмалы шеңбер» әдісі Жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтарды wordwall.net бағадрламасында «Айналмалы шеңбер » кімнің есімі түссе сол оқушы сұраққа жауап береді.
1.Қандай жағдайда тармақталу операторы орындалады?
2.Шартты оператор қай кезде қолданылады?
3.Шартты оператордың құрылымы қандай?
4.Әрекетті орындау блогы қалай бейнеленеді?
5.Логикалық өрнек блогы туралы не білесіздер?
6.Шартты оператордың бас мен денесі дегеніміз не?
Білім алушылар айналмалы шеңберге кімнің аты түссе сол оқушы жауап береді .
Дескриптор: -өздеріне берілген тармақталу алгоритмі тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді.
- Шартты оператор қай кезде қолданылатынын біледі;
-Оператордың құрылымын, әркетті орындау блоктарын ажыратады.
Қалыптастырушы бағалау арқылы бағалау парағына бағалау, мадақтау: Жарайсың!
https://wordwall.net/ru/resource/28392495
Қолдану кезеңі
«Мен естіп-ұмыттым, көріп-есте сақтадым, орындап-түсіндім!»- деп Чарльз Беббижж айтпақшы. Бүгінгі тақырыпты практика жүзінде қолданып көру мақсатында Python программалау тілінде берілген деңгейлік есептерді шешуді орындайды.Білім алушылар 1 қызыл түспен берілген есепті шығарған оқушы-3 балл, 2 жасыл түспен берілген есепті шығарған оқушы -2 балл, 3 сары түспен берілген есепті шығарған оушы-1 балмен бағаланады.
№1 Үшбұрыштың үш қабырғасының мәніне қарай үшбұрыш бола ма, болмай ма анықтайтын программа жаз. «Үшбұрыштың екі қабырғасының қосындысы үшінші қабырғасынан артық болады» қасиетіне сүйенеміз. print (‘үшбұрыш қабырғаларын енгіз’)
а=float (input(‘a=’))
b= float (input(‘b=’))
c= float (input(‘c=’))
if a+b>c and a+c>b and b+c>a:
print (‘үшбұрыш болады’)
else:
print (‘үшбұрыш болмайды’)
Нәтижесі: үшбұрыш қабырғаларын енгіз:
а=7
b= 8
c= 9
үшбұрыш болады
№2.Берілген a,b-екі санның үлкенін табу программасын жаз a=int (input(‘a=’))
b= int (input(‘b=’))
max=a
if maxmax=b
print (‘max=’,max)