Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет1/4
Дата18.11.2022
өлшемі138,5 Kb.
#51139
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Ñàáà?òû? òà?ûðûáû Òå?äåóëåð ê?ìåã³ìåí ì?ò³íä³ åñåïòåðä³ øû?àðó



Білім беру ұйымының атауы

№15 гимназия

Пәні:

Математика

Бөлім:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Педагогтің аты-жөні:

Абдиева М.Қ.

Күні:

31.01

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;
5.2.2.1арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережесі негізінде теңдеулерді шешу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару біледі.
Көпшілік оқушылар үшін:Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару жолдарын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару жолдарын сипаттап береді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал орнату. Үй тапсырмасын тексеру
Ой-қозғау: 
1. Салыстырылатын
сандар дегеніміз не?
2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер қандай?
3. Мәндес теңдеулер қандай?

Оқушылар амандасады, жинақталадығ сұрақтарға жауап береді,



Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»

6 сынып оқулығы. 2-бөлім.
МИТ, Слайд

Жаңа білім


Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
Мәтінді есепті теңдеудің көмегімен шығару үшін алдымен есеп шарты бойынша теңдеу құрастыру керек. Мысал: Ең қысқа найзағай мен ең ұзын найзағайдың ұзындықтарының қосындысының мәні 158 км. Ең қысқа найзағайдың ұзындығы ең үлкен найзағайдың ұзындығынан 140 км-ге қысқа. Ең қысқа найзағайдың ұзындығын және ең ұзын найзағайдың ұзындығын табыңдар. Шешуі: Ең қысқа найзағайдың ұзындығын х деп белгілейік. Сонда ең ұзын найзағайдың ұзындығы (х+140) км болады. Есептің шарты бойынша олардың қосындысының мәні 158 км. Демек, х+(х+140)=158 теңдеуін құрастырамыз. Оны шығару үшін, теңдеудің сол жағындағы жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз: х+(х+140)=158
2х+140=158 2х=18 х=9 Олай болса, ең қысқа найзағайдың ұзындығы 9 км, ең ұзын найзағайдың ұзындығы: 9+140=149 км-ге тең болады. Жауабы: 9км, 149км.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет