Сабақтың тақырыбы: Тәрбиенің мақсат-міндеттері, мазмұны


Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру



бет3/7
Дата31.12.2021
өлшемі72,84 Kb.
#21392
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады.

Күн ырғағын жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.

Отбасында күн ырғағының негізгі элементтері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.

Отбасылық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Тәжірибе мәліметтеріне қарағанда отбасылық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет