№ М.Мақатаев атындағы 140 гимназия Тексерілді: (білім беру ұйымының атауы)
Педагогтің Т.А.Ә.
Ыкласова Г.Б
Күні:
12.12.2023ж
Сынып: 4 “Г”
Қатысушылар саны:
Қатыспаған саны
Сабақтың тақырыбы
Тәуелсіздік – арайлап атқан алтын таң!
Сабақтың мақсаты
а) Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. ә) Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. б) Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі
Сюжетті суреттер, сұрақтар, шарлар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі\уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы 2 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу.
Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанға ұрайық. Психологиялық сәт. Шаттық шеңбері. “Гүлмен тілек”әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, психологиялық ахуал орнату.
1.Сабаққа әзірлеу Оқушылар қолдарына бір-бір тал гүл алып, шеңберге тұрып, хормен: «Күндей күлімдеп, Айдай арайлап, Судай мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнді бастаймыз!» — деп, біріне-бірі гүлді бере отырып, жылы лебіздерін білдіреді. (тілек шоғы)
ҚБ: Керемет!
Интерактивті тақта
Гүл шоғы
Сабақтың ортасы Жаңа білім 30 минут
Кіріспе сөз.
Біз, Қазақстанда тұрамыз, демек, Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан халқы. «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар. Отан деген не? Қалай түсінесіңдер?
Оқушылар: Отан деген менің үйім, туған жерім.
Менің жүрегім Отан деп соғады. Ендеше, Топтастыру әдісін жүргізейік.
Сіздерді еліміздің ең үлкен мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің 32 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – арайлап атқан алтын таң!» атты сынып сағатымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Әнұраным- жан ұраным,
Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.