Сабақтың тақырыбы Тәуелсіздік арайлап атқан алтын таң! Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата20.12.2023
өлшемі318,79 Kb.
#141818
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
12-12 сынып сағаты

(Әнұран орындалады
1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.
1986-шы жылы желтоқсан оқиғасы болды. Д. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Республика компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылды. Оның орнына Ресейден келген Г. В. Колбин сайланды. Көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылық ұшқыны лаулай түсті. Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына мұздай құрсанған солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды. Қыз-жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Спатаев, Лаззат Асанова Сабира Мұхаметжанова сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан талшыбықтай жастарымыздың өмірін көктей үзді. Арада бес жыл өткенде қыршын өлген жастарға Алаңында ескерткіш орнатты. 

Тақтадан Қазақстан туралы толық ақпарат беріледі. Қазақстан – ортақ үйіміз! бейнеролигі көрсетіледі.


Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.


Тақтадан Мемлекеттік Рәміздер бейнеролигі көрсетіледі.



  1. Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба
Жалау
Әнұран
Рәміздер
Мақал-мәтелдер сайысы
1. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3. Отанды сүю – отбасынан басталады.
4. Туған жердің жуасы да тәтті.
5. Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
6. Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
7. Отансыз адам – армансыз бұлбұл.
8. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
9. Ел-жұртыңның қадірін
Іс түскенде білерсің.
- Жарайсыңдар, балалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет