|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
ІІ бөлім « Мәңгілік Ел – мұратым»
|
Мектеп: № 275 орта мектеп
|
|
Күні: 26.04.2019 жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Гульнар Кылышбековна Кожагулова
|
|
СЫНЫП: 9
|
Қатысқандар :
|
Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Тәуелсіздік таңы
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
9.Т/А1.Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.
9.ӘТН1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: «Тәуелсіздік таңы» тақырыбы бойынша сұрақтарға болжаммен жауап береді.Тақырыпты тыңдау арқылы болжамдарын түпнұсқамен салыстырады. «Тәуелсіздік таңы» мәнмәтіні бойынша шығармашылық жұмыс жазуда тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі: Мәтін мазмұны бойынша жоғары және төменгі деңгейде сұрақтар дайындайды. Өзара дайындалған сұрақтарға жауап береді. Шығармашылық жұмыс жазуда тілдік бірліктерді түрлендіре орфографиялық нормаға сай жазады.
|
|
Кейбір оқушылар: «Тәуелсіздік» жайында өз ойын түпнұсқамен салыстыруда сыни көзқарасын білдіреді. Шығармашылық жұмыс жазуда сөздерді жазылу принциптеріне сай топтап жазады.
|
|
Бағалау критерийі
|
1. Мәтін мазмұны бойынша болжам сұрақтарын дайындайды.
2. Шығармашылық жұмысты орфографиялық нормаға сай жазады
|
|
Ойлау деңгейі
|
Білу, түсіну, қолдану
|
|
Құндылықтарға баулу
|
«Тәуелсіздік» ұғымының терең мағынасын түсінеді. Елжандылық көзқарастары қалыптасады.Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті сезінеді. Жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезінуді, сыни ойлауды үйренеді.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
1.«Тәуелсіздік жолындағы қадам», Қазақстан тарихы, 9-сынып 174-бет;
2. «Менің атым – Тәуелсіздік», қазақ әдебиеті, 6-сынып,100-бет
|
|
|