Слайд.6 тапсырма- «Ішіне-Сыртына» стратегия бойынша:Телевидение, баспасөз, интернеттің «Ішіне» - оң, ал «Сыртына»-теріс ықпалын жазу( оқушылар интернетке шығып, қосымша материалдар пайдаланады)
Ішіне Сыртына
Мысалы, Баспасөздің оң ықпалына- өзіңмен алып жүруге, кез-келген жерге, ыңғайлы уақытта, айналадағыларға кедергі келтірмей оқуға мүмкіндік береді,теріс ықпалына -ақпараттық фантомдарды жатқызамыз. Тұлғаның ұстанымының қалыптасуы мен өзгеруіне ықпал ететін тексерілген, тексерілмеген және толық емес ақпараттардың үйлесуі. Көбінде фантомдар адамдарға теріс әсер етеді.
Телевидениенің оң ықпалы- көңіл көтеру, ақпараттық, рухани дүние мен мәдени құндылықтарды беру, тәрбиелік қызметтерін атауға болады т.б.
теріс ықпалы- үйдегі вампир дос. Оны көріп отырған адам бар назарын аударады, ал ол белгілі бір ойларды, идеяларды гипноз күйінде сендіреді.
Интернеттің оң ықпалы- жаһандық, ашықтық, интерактивтік сипаттары.
теріс ықпалы- агрессивті мінез-құлқы ойын тудыратын кейбір компьютерлік ойындарды, жасөспірімдердің өмірге деген қызығушылығының азаюын, өз әлемін құруға ұмтылуы, өзімен қатарластарынан гөрі компьютермен қарым-қатынасқа түскенді қалауы.
Слайд.7 тапсырма-Логикалық қатарлар
«Не артық?» жауабыңызды дәлелдеңдер
1. Мақала, оқиға, мүсін, қызықты
2. «Түркістан уәлаяты», «Айқап», «Егеменді Қазақстан», «Қазақ»
3. Хабарламалар жіберу, үш мезгілді ас дайындау, достармен сөйлесу, ақпарат алу
«Не ортақ?» жауабыңызды дәлелдеңдер
1. Ақпараттық, ағартушылық, сын, бақылау
2. Е.Абылайханов, Н.Иманғалиұлы, Д.Сұлтанғазин, А.Трухачев
3. Құжаттарды қабылдап алу, тауар сатып алу, қонақ үйге тапсырыс беру
Ой толғау- «Сөз шынды табар» деп тегін айтылмаған, себебі журналистердің басты құралы-сөз. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларыңды ортаға салыңдар.
1.Журналист болу оңай ма?
2.Әйел адамның журналист болуына көзқарастарың қандай?
3.Сұхбаттың мазмұнды, қызықты болуы журналиске байланысты ма?
Достарыңызбен бөлісу: |