Психологиялық ахуал "Ыстық алақан" тренинг өткізу. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту «Қазақстандағы демографиялық жағдай» туралы видео тамашалау
Видео
https://youtu.be/zzadtkLY1BI
Сабақтың ортасы
30 мин
Мағынаны тану кезеңі Жеке жұмыс 1-тапсырма Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша «Жаһанданудың отбасылық құндылықтарға әсері» 150-170 сөзден тұратын шағын мақала жаз.
Оқушыларға екі түрлі мәтін беріледі: публицистикалық стильде интервью «Жаһандану және ел тағдыры» және ғылыми стильде баяндама «Жаһандану және оның мәдени үрдістерге ықпалы» беріледі.
Оқушылар өздері мәтінді таңдап, сол стильде мақала жазады. Сендердің араларында мүмкін болашақта біреулерін тілші, ал кейбіреулерін ғалым болады шығар. Сондықтан тапсырманы орындаған кезде өздеріңді журналист не ғалым болып елестетіп көріп, тапсырма орындаңдар.
Дескриптор Мәтіндердің мазмұнын түсінді. 2б.
Бірақ кейбір олқылықтарың бар, келісі мақала жазған кезде сол олқылықтарды дұрыстайсыздар деп сенемін, керемет болады.
ҚБ: Мұғалім «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі» арқылы бағалайды.
Сабақты әрі қарай топта жалғастырамыз.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну Мұғалім бірнеше геометриялық фигураларды араластырып оқушыларға таратып береді.(неше топқа бөлсеңіз сонша геометриялық фигураларды бірнешеуден аласыз) Бірдей фигураларды алған оқушылар топтасады.