9.О6.Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу.
9.ӘТН4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Оқылым стратегияларын тиімді қолданады
Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады, түрлендіреді.
Көптеген оқушылар: Стратегияларды тиімді пайдаланып, өз көзқарасын білдіреді.
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалуын ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданады
Ойлау деңгейі
Ақпаратты білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері
1. Оқылым стратегияларын тиімді қолданады.
2.Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
Негізгі сөздер мен сөз тіркестер: Бала құқығы, бостандық, заң ережелері, бап, «Шар ережесі»
Пәнге қатысты сөзік қор мен терминдер:
Декларация-декларация-
Конвенция -
Құқық-
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
-«Отбасы-шағын мемлекет» дегенді қалай түсінесің?
-Отбасындағы баланың міндеттері мен құқықтары қандай?
-Отбасындағы бала құқығының сақталуына кімдер жауапты?
-Бала құқығы қанша жасқа дейін сақталуы керек?
- Салалас құрмалас түрлерін атаңыз.
-Жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
-Қарсылықты салалас құрмалас жалғаулықтарын атаңыз?