Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындық.
ІІ. Жағымды психологиялық ахуал. Шаттық шеңберінде тұрып, жақсы сөздер мен тілектер айтады.
- Мен мақсатыма жетемін.
- Мен қиялдай аламын.
- Менің қиялым ұшқыр.
І.ОҚЫЛЫМ АЛДЫ.Қызығушылықты ояту.
Аудиожазбадан (12. mp3) «Олимпиада ойындарын түркі халықтары ойлап тауыпты» мәтінін тыңдап, онда көтерілген мәселені табыңдар. Жұптасып, «Сен маған, мен саған» әдісімен бір-біріңнің сұрақтарыңа жауап беріңдер.
1. Теледидардан олимпиада ойындарын тамашалайсыңдар ма? Қай олимпиаданы көрдіңдер?
2. Олимпиадада еліміздің спортшысы орын алса, қандай сезімде боласыңдар?
3. Спортшы Жақсылық Үшкемпіров туралы не білесіңдер?
(оқушылар жауабы тыңдалады).
Сабақтың мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.
|
Оқушылар жағымды психологиялық ахуал жүргізеді.
Оқушылар аудиожазбадан мәтін тыңдап, онда көтерілген мәселені табады. Жұптасып, «Сен маған, мен саған» әдісімен бір-бірінің сұрақтарыңа жауап береді.
|
ҚБ
|
6-сынып «Қазақтілі» оқулығы
|
|