Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет. Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата14.10.2022
өлшемі53,58 Kb.
#43058
түріСабақ
  1   2   3

ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, №10 «Қарабұлақ» ЖОМ.
Химия пәнінің мұғалімі Аликулова Мухаббат Салимовна


Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет. Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары


Сабақтың мақсаты:
Білімді қалыптастыру: Оқушыларды минералды тыңайтқыштардың түрі, құрамы, өсімдіктердің өсіп-дамуына тигізетін әсерімен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты:  Оқушылардың ойлау қабілетін кеңейту. Бақылауға, эксперимент жасауға үйрету, өз беттерімен қосымша материалдар іздеу және деңгейлі тапсырмалар беру арқылы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:  Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлықтарын үнемдеуге тәрбиелеу және қауіпсіздік техникасының ережесін жетік білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Өсімдікке қажетті қоректік элементі бар қосылыстар - тыңайтқыштар және олардың түрлері жайлы түсінеді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың салыстыру, негізгісін бөліп алу біліктері дамиды. Тыңайтқыштардың биологиялық маңызы туралы дағдысы қалыптасады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер : интерактивті тақта, «Минералды тыңайтқыштар» топтамасы, дидактикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: Биология

Жоспары :


І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды игеру.
ІV. Бекіту.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы :




І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ой қозғау. Интерактивті тақтамен жұмыс.
а) Периодтық жүйедегі орны бойынша фосфорға сипаттама беріңдер.
ә) Фосфордың табиғатта кездесуі.
б) Физикалық және химиялық қасиеттері
в) Фосфордың оттекті қосылыстары мен фосфор қышқылының химиялық қасиеттері. Реакция теңдеулерін аяқтап, теңестіріңдер:
H3PO4 + Zn =
H3PO4 + NaOH =
H3PO4 + MgO =
H3PO4 + NaCI =
г) Массасы 34,5 г бертолле тұзы фосфордың қанша зат мөлшерімен әрекеттсесе алады?
ғ) фосфордың маңызы, қолданылуы
фосфор


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет