ІІІ. Жаңа материалды игеру: Сонымен, біз VА тобында орналасқан азот және фосфор элементтерімен, олардың маңызды қосылыстарымен таныстық. Олардың тірі ағзалар үшін маңызы зор. Азот ақуыз, көмірсулардың құрамына кіреді, ал фосфор адам қаңқасында 600г, бұлшық еттерінде – 56г, ми мен жүйкелерінде 5г болады. Ағзада фосфор мен азот жетіспесе ағза сүйектері сынғыш болады.
Азот пен фосфордың тірі табиғаттағы да маңызы өте зор. Өсімдіктер толық өсіп-жетілуіне қажетті элементті қоректік элемент дейді. Құрамында қоректік элемент болатын заттарды тыңайтқыштар деп атайды. Ал біз тыңайтқыштар туралы не білеміз ?
Тыңайтқыштардың жіктелуі
шығу тегіне қоректік элементіне агрегаттық күйіне орай
орг-қ бейорг-қ. азотты фосфорлы калийлі қатты сұйық
Азот тыңайтқыштары
CO(NH2)2- карбамид
NH3∙H2O - аммиак суы
Ca(NO3)2 - әк суы
Ca(CN)2 – кальций цианиді
Фосфор тыңайтқыштары
Са3(РО4)2 – фосфорит ұны
Са(Н2РО4)2 – жай суперфосфат
Са(Н2РО4)2∙Н2О – қос суперфосфат
СаНРО4∙2Н2О - преципитат
NH4H2PO4 - аммофос
(NH4)2HPO4 – диаммофос
Балалар, білесіңдер, ауаның құрамында 78% азот бар, бірақ сонда да өсімдіктерге азот жетіспей, аз өнім беріп жатады. Бұл неге байланысты ? Өсімдіктер азотты ауадан сіңіре алмайды екен, олар оны тек нитрат, аммоний иондары түрінде ғана сіңіре алады екен. Оларға азотты ионға айналдыруға асбұршақтылардың түйнектерінде болатын түйнекті бактериялар көмектеседі екен. Олар ауадағы азотты сіңіріп, ионға айналдырып, оны өсімдіктерге береді, өсімдіктерден органикалық заттар алады да, өсімдіктермен селбесіп симбиозды тіршілік етеді.
Сен білесің бе? Массасы 1т жүгері топырақтан 14кг азот; 2,5кг фосфор; 3,5кг калий; 1,5кг күкірт әкетіп отырады. Сөйтіп топырақтың құнарлылығы кеміп, тыңайтқыш қолдану қажеттілігі туады.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді: азот, фосфор және калий.
Азот тыңайтқыштары
жетіспесе
мол болса
өсімдіктердің бойы өспей, жапырақ- тары бозғылт сары, жұқа, шырыны аз, гүлі майда болады, жасыл массаның түзілуі баяулайды.
өсімдіктердің өсуі мен дамуы жақ-сарып, өнімі мол болады. Азот тыңайтқыштары өсімдіктерге, әсіресе, көктемде қажет.
Фосфор тыңайтқыштары
жетіспесе
мол болса
жапырақтары қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды, хлорофилл түзілмейді.
жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор, әсіресе, ұдайы жетілетін мүшелер (гүлі, жемісі) өскенде және дамығанда қажет.
Калий тыңайтқыштары
жетіспесе
мол болса
фотосинтез қарқыны төмендейді
өсімдікте крахмал, қант, май түзілуі жоғарылайды. Ол астық тұқымдас тардың сабағын қатайтып, оларды
Тыңайтқыштар экологиясы. Тыңайтқыштарды арнаулы қоймаларда сақтау керек және мөлшерден тыс пайдаланбау керек, өйткені олар қоршаған ортаны ластауы мүмкін. Минералды тыңайтқыштарды қайсысын болсын тиімді пайдаланса ғана жоғары өнім алуға болады. Егер тыңайтқышты өсімдікке шамадан тыс көп берсе, онда артық мөлшердегі сіңірілмеген тұз өнімге жиналып қалады да, өнім жеуге жарамсыз болады, денсаулығымызға зиян тигізеді. Артық нитраттар, әсіресе ерте пісетін құлпынай, қарбыз, т.б. құрамында болады.