Сабақтың тақырыбы: Тиімді қарым-қатынас жасау қағидалары. Қарым-қатынас жасаудың вербальді және вербальді емес тәсілдері


Тұлға аралық кеңістіктегі қарым-қатынас дистанциялары



бет5/9
Дата01.03.2022
өлшемі100,71 Kb.
#26748
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тұлға аралық кеңістіктегі қарым-қатынас дистанциялары:

Түрлі жағдайлардағы бір-біріне жақындасу нормасы:

- 0-45 см. Жақындық ара қашықтығы (ерлі зайыптылар, достар, туыстар).

- 45-120 см. Тұлғааралық қашықтық (әріптестер, таныстар).

- 120-400 см. Әлеуметтік ара-қатынас (мұғалім мен оқушы, сатушы және сатып алушы).

- 400-750 см. Қоғамдық дистанция.



Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар. Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.

  Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.

Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.

  Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).



Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет