Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі»
Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз ұлтын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: Слайд
Сайыс сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Құрметті ұстаздар, қадірменді тіл жанашырлары! Бүгінгі «Жас тілші» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Тіл білгірі» аттты зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
Мәңгілік дана сөзбен жасар адам,
Сүйектен өтетін тіл аса қатаң.
Бұл тілде желмаямен жортып келіп,
Кемеңгер кеңес берген Асан атам.
Мәңгі өлмес, мейлі зулап өтер заман,
Жирендей дария шешен бабам,
Қазбек, Төле, Әйтеке – ердің құнын
Екі ауыз сөзбен шешкен мына бабам!
Бүгінгі сайыс 5 кезеңнен тұрады:
Олай болса бүгінгі біздің сайысымыздың әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________
5.________________________________________________________________________
«Тіл білгірі» зияткерлік сайысына қатысушы топтармен таныс болыңыздар:
1.________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________
Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырып сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық,- деп кезекті сайыскерлерімізге береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |