Сабақтың тақырыбы: "Тіл білгірі" сайысы. Сабақтың мақсаты


IV. «Тапқыр болсаң, тауып көр»



бет5/5
Дата17.04.2022
өлшемі27,08 Kb.
#31281
түріСабақ
1   2   3   4   5
IV. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде интерактивті тақтада  ұяшықтын артына сурет жасырылады. Дұрыс жауап 10 ұпай

 

V. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Бұл кезеңде әр топқа 10 тұрақты сөз тіркесі беріледі.Дұрыс жауап 5 ұпай.

 

І топ

1.Қас пен көздің арасында – жылдам .
2.Ай десе аузы,күн десе көзі бар –сұлу.
3. Жерден жеті қоян тапқандай –қуану
4. Бір ауыз сөз –көп емес,аз ғана сөз

5.Бір аттам жер –жақын жер


6.Екі аяғын бір етікке тығу –састыру
7.Екі оттың арасында қалу –қиындыққа ұшырау
8.Екі көзі  төрт болу –сағыну
9.Үш қайнаса сорпасы қосылмау –мүлде бөлек
10.Төрт құбыласы тең –болып-толу,еш нәрсеге мұқтаж емес

 

ІІ топ


1.Бес саусағындай білу –жатқа білу,жетік білу
2.Маңдайының бес елі бағы бар –бақытты, ырысы тасыған
3.Алты аласы,бес бересі жоқ –ешбір қатынасы жоқ
4.Жеті жұрт –көп ел
5.Сегіз қырлы,бір сырлы –өнерлі
6.Он саусағынан өнер тамған –өте шебер
7.Қол үшін беру, Қанатымен су себу,Атсалысу –көмектесу
8.Беті шыдамау,Жерге қарау –ұялу
9.Жаны тырнағының ұшына келу,Жаны көзіне көріну –қорқу
10.Бөркін аспанға лақтыру,әйелі ұл тапқандай –қуану

 

VI. «Ойлы болсаң, озып көр». Мақсаты: оқушылар есте сақтау қабілетін арттыру, жылдам ойлауға тәрбиелеу. Бұл кезеңде тақтадан 25 сөз (30 секунд) көрсетіледі. Бұл сөздерден оқушы есінде қалғанын қағазға жазып, сол сөздерден мақал – мәтел құрастыруы тиіс.

Мысалы: жер, отан, тіл, жүрек, пәле, ой, басқа, қанат, бас, тілден, ыстық, жоқ, ана, бас, нұр, қызыл, кеспек, қазақстан, да, білім, болса, ынтымақ, достық, адал, дос.

 

1.Басқа пәле – тілден.



2.Бас кеспек болса да,

  Тіл кеспек жоқ.




Қорытынды бөлім

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет