Сабақтың тақырыбы: Тіл тазалығы. (10-сынып) Міндеті



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі23,47 Kb.
#126907
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Қазақ тілінен ашық сабақ "Тіл тазалығы" (10 сынып)

2-топтың тапсырмасы: Төмендегі сөйлемдерді түзеп, әдеби тілмен қайта құрып жазыңыздар.
Лесницадан көтерілгенде, жүрегі аузына тығылады. Танзиметті алып тастауға совет береді. Ештеңеден қысылмаймыз, астымызда персональный машина. Өзіңіз қай округтансыз, тұрған жерлеріңіз грязь шығар, ә? Ну, как же это так, есікті ашып кетіпсің, что за безобразие. Ол туберкулез, онда заходить нельзя! . Кешегі алдымызда жүгіріп жүрген жігіт вдруг өзгеріп кетті.Біздің келгенімізге много болды, демалу деген вообще болмады.
Топтарға тапсырма.
Төмендегі сөздердің әдеби баламасын тауып, мағынасына толық талдау жасаңдар. Әрбір сөздің әдеби тілдегі қолданысына стильдік мәні жоғары бір-бір сөйлем қүраңдар.
а) емдеухана - аурухана, айыр - шанышқы, қарыз - дыкер - қарыздар, зиратнама - бейіт, қабір; желдік - желдеткіш, ажым - әжім, балау - палау, қартамыш - қартамыс, ибат - инабат; б) қаржымыс - қарымта, кәдуілгі - кәдімгі, айыл - әйел, ақтас - түйме, жер там - жер үй, жұмыстау – жұмыс істеу, жұмыстану; зиярат - зират, кәмәләт - кәмелет, кәззеп - кәззап, кәзір - қазір; жаһүт - жақұт, зәлім - залым, жаһил - жаһіл ...
1. Облыс орталығындағы жарнама, хабарламалардың қате жазылуларына көңіл бөлу. (слайд)
2. Тіл туралы Заңның баптарын оқу. (Әр топқа алдын-ала берілген тапсырма)
7-бап. Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тілек белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа тілдердің қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
8-бап. Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
13-бап. Сот ісін жүргізу тілі
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
17-бап. Тіл – ғылым және мәдениет саласында
Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.
ІV. Бекіту тапсырмалары
1-топқа. Мәтіннен кейіпкерлердің сөз саптауы мен сөйлеу мәнерін байқап, кейіпкерлердің сөйлеу мәдениетіне өзіндік талдау жасаңыз.
2-топқа. Төмендегі мәтінді оқып шығып, «Тілі шұбарланған қазақтарды кімдер деп ойлаймыз?» тақырыбында шағын эссе жаз.
Сергіту сәті. «Әріптер сөйлейді».
Мысалы: Жапсарбаев жарыстан жеңіспен жетті.
Ернар ерлігімен елін елең еткізді.
Берік – белсенді бала.
2-топқа. Суреттерге қарап, өзінің ой-пікірін, сипаттамасын айту. (слайд)
1-топқа. Әскери термин сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
2-топқа. «Тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме!» деген сөздің мағынасын түсіндір.
V. Қорытынды.
1-топқа. Шығармашылық жұмыс. (өлең құру)
………………………. ана тілім,
……………………….баба тілім.
……………………….дана тілім,
………………………қазағымның.
2-топқа. 5 жолды өлең."Синквейн" әдісі.
1. Зат есім. 2. Екі сын есім. 3. Үш етістік. 4. Сөйлем. 5. Синонимі.
Эссе. "Тілім бар да айтылар сөз ойдағы"
Кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек"



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет