ІІІ - кезең «Ой толғаныс».
Балалар сендердің ойларыңша, салт-дәстүрлер бүгінгі қоғамға керекпе? Неге?
ІV- кезең. Ендігі сәтте көмбеде «шаңырақ» бар. Сол шаңырақтың ішінде жұмбақтар жасырылған.
Иесі оның сәби,
Әрі төсек, әрі үй. (Бесік).
Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона пайдасын біліп алдым. (Қамшы).
Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді. (Ер тоқым).
Алтынменен аптадым
Күміспен күптедім.
Бірін өрге шығарып
Бірін жерге түптедім. (Кереге).
Түгел айтсақ не барын
Төрт құлақ пен бір қарын. (Қазан).
Тептім, терекке шықтым. (үзеңгі).
Өзі жүкті,
Сырты жүкті. (Киіз үй).
Кіруге адам батпайды,
Төрт бұрышты тақтайды.
Төрде деп жұрт мақтайды,
Затыңды аман сақтайды. (Сандық).
Қорытындылау:
Құрметті балалар, бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі ойын сауығымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт-дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Бүгінгі сайыста екі топта белсенділік танытып, «Достық» жеңді.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті балалар!
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамы - қуырдақ
Сабақтың мақсаты:
білімділік: студенттерге сабақтың мазмұны мен техникалық қауіпсіздігіне нұсқау беру. Студенттерге қуырдақ түрлерін,гарнир дайындауда шикізатты үнемдеп және жабдықтарды ұқыпты пайдаланып, санитарлық нормаларды сақтауға, өздерінің қателерін талдап, үйренуге баулу.
дамытушылық: студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Студенттердің жұмыс істеу шеберліктерін одан әрі шыңдау. Сабақта алған білімдерін дамыта білуге, ізденіске баулып, мамандыққа деген қызығушылығы мен іскерлік дағдысын арттыру. Зертханада техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға дағдыландыру.
тәрбиелік: өз мамандығына, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Студенттерді ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу. Логикалық ойлау қабілеттерінің, дүниетанымдарының дұрыс қалыптасуларына ықпал жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |