Сабақтың тақырыбы: «Тілден артық қазына жоқ»



бет18/33
Дата02.05.2023
өлшемі1,25 Mb.
#88780
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
қмж

Картоп косқан қуырдақ - сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызарғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да томат ботқасын, төрт бұрыштап туралған картоп салып, баяу жанған отқа 30 – 40 минут қайнатады. Бұрыш лавр жапырағын, буршақ, укроп, петрушка салып әбден піскенше бұқтырып қояды. Дастарханға қоярда түрлі көкөніспен сәндейді. Картоп қосқан қуырдақты сиыр еті 100г, майы 60г, пияз 150 г, томат ботқасы 100г, көк 18 г, дәмдеуіштер қалауынша. Қара қуырдақ - кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұны қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырдын қаны майға қуырылғанда қуырдақтың өң”н қарайтып жібереді.
Қара қуырдақ – кілең өкпе мен бауырдан, жүректен , бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салады, Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырдың қаны майға қуырылғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді.
Соғым қуырдағы - ет піскенге дейін соғым мүшеленген кезде түсетін ойынды еті, қылынды еті, аздап өкпесі мен бауыры қосылады. Соғым қурдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу үшін оған татымына қарай тұз, бұрышы, дөңгелектеп турап пияз салады. Соғым қуырдағын дастарханға шай мен бірге қояды.
Бал қуырдақ – көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттін бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылады. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге сыйлы қонақтарға беретін болған.
Өкпе қуырдақ – етті өте майдалап турап қуырады. Өкпе қуырдақтың еті майда болғандықтан, оны суға бүктіріп қайнатпай – ақ, майға қуырып пісіруге болады.
Жаппа қуырдақ. Жаппа – бұл да қуырдақ. Бірақ оған пияз, болгар бұрышы секілді көкөністерді қосады. Ыстық тамақ дайын болған соң, үстіне жұқа иленген нан жабады. Оның пісуіне 5 минуттай уақыт керек. Осылайша ет пен қамыр бірігіп кетеді. Бұл тамақты Орталық Қазақстан қазақтары ойлап тапқан деген ақпарат бар. Ұн тағамдары
Жұмбақ
Шай дастарханының басты асы. Ең жоғары сапалы ұннан май, ашытқы қосып жасалады. Әр түрлі пішінде, үш - төрт бұрышты, сопақша, домалақ болады. Түрлері көп. Мысалы: бармақ, жол, ақ, той т. б. /Бауырсақ./


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет