Тапсырма №2 Тұмау
ACOL ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕРІКТІ ВАКЦИНАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тұмаудың қысқы кезеңде қарқынды түрде пайда болуына еш кҥмән жоқ шығар. Тұмаумен ауырған адамдар бірнеше апта бойы ауруы мүмкін.
Вируспен күресудегі ең жақсы әдіс күшті және сау ағза болып табылады. Күнделікті жаттығулар мен құрамына жемістер мен көкөністер кіретін тамақтану иммундық жүйеге осы қауіпті вируспен күресуде көмек көрсету үшін ұсынылады.
ACOL біздердің арамызда осы зұлым вирустың таралуын болдырмау үшін персоналға қосымша тәсіл ретінде тұмауға қарсы вакциналау мүмкіндігін ұсынуды шешті. ACOL 17 мамыр күні жұмыс уақытында жарты күнге ACOL-да вакциналауды бақылау үшін медбикені шақырды. Бұл бағдарлама тегін және бүкіл персонал үшін қолжетімді.
Қатысу ерікті түрде. Осы нұсқаны таңдаған персонал олардың қандай да бір аллергиялары жоқ екендігін және оларда аздаған жанама әсерлер пайда болуы екенін түсінетіндігі туралы келісім формасын толтыруы тиіс болады.
Медициналық ұсыныс вакциналаудың тұмаумен аурудың себебі болмайтындығын білдіреді. Алайда ол аздап шаршау, дененің аздап қызуы және қолдардың әлсіреуі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |