Вакциналаудан кім өтуі тиіс?
Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам.
Бұл вакциналау әсіресе 65 жастан асқан адамдар үшін ұсынылады. Алайда, жасынан қарамастан, созылмалы ауыр сырқаттары, әсіресе жүрек-қан тамырлары, өкпе, бронхылар немесе сусамыр (диабеттілік) бұзылулары бар кез- келген адамдарға да ұсынылады.
Кеңселік ортада барлық персоналға тұмаумен ауру қаупі төнуі мүмкін.
Вакциналаудан кім өтпеу тиіс?
Жұмыртқаға аса сезгіштігі бар тұлғалар, қатты безгек ауруларынан зардап шегетін тұлғалар және жүкті әйелдер.
Егер сіз қандай да бір медициналық препараттар қабылдап жүрсеңіз немесе сізде бұрынырақ тұмауға қарсы вакциналауға реакция болған жағдайда өз дәрігеріңізден кеңес алыңыз. Егер сіз вакциналаудан 17 мамыр күні өткіңіз келсе, бұл туралы кадрлар бөлімінің қызметкері Фиона Мак Свиниге, жұма 17 мамыр күні хабарлаңыз. Күні мен уақыты медбике жұмысының кестесіне, қатысушылар саны мен персоналдың көпшілігі үшін қолайлы уақытқа сәйкес белгіленетін болады. Егер сіз вакциналауды осы қысқы кезең үшін өткіңіз келсе, бірақ белгіленген уақытта келе алмасаңыз, бұл туралы Фионаға хабарлауыңызды өтінеміз. Егер жеткілікті қатысушылар саны болса, қосымша емшара тағайындалуы мүмкін болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Фионамен 5577 ішкі нөмір арқылы байланысыңыз.
Фиона Мак Свини, ACOL компаниясындағы кадрлар бөлімінің қызметкері, ACOL компаниясының персоналы үшін ақпараттық бюллетень дайындады. Осыдан кейін көрсетілген сұрақтарға жауап беру үшін ақпараттық бюллетеньге қараңыз.
№1 сұрақ
ACOL тұмауға қарсы вакциналау бағдарламасының ерекшелігін келесілердің қайсысы сипаттайды?
A. Дене шынықтырумен айналысу жаттығулары бүкіл қысқы кезең бойы өткізілетін болады.
B. Вакциналау жұмыс уақытында өткізілетін болады.
C. Қатысушыларға аздаған бонус ұсынылатын болады.
D. Вакциналауды дәрігер жүргізеді.
№2 сұрақ
Біз бұл бөлімнің мазмұны туралы жазбаша айта аламыз (оның ішінде не бар).
Біз оның стилі туралы айта аламыз (оны ұсыну әдісі).
Фиона осы ақпараттық бюллетеньннің стилі ыңғайлы әрі рухтандырғыш болғандығын қалайды. Ол табысқа жетті деп ойлайсыз ба?
Өз жауабыңызды сызба, суреттер немесе басқа да графиканы толық сипаттай отырып, түсіндіріңіз.................................................................................................................................
.....................................................................................................................................................
№3 сұрақ
Осы ақпараттық бюллетеньде сіз өзіңізді тұмау вирусынан қорғағыңыз келсе, тұмаудың вакцинациясы төмендегідей екендігі көрсетілген
A. физикалық жаттығулар мен сау тамақтануға қарағанда тиімді, бірақ қауіпті.
B. жақсы идея болып табылады, бірақ физикалық жаттығулар мен сау тамақтануды алмастыра алмайды.
C. физикалық жаттығулар мен сау тамақтану сияқты тиімді және проблемалары аз.
D. егер сіз көп физикалық жаттығулар орындасаңыз және сау тамақтансаңыз өткізілмеуі тиіс.
№4 сұрақ
Ақпараттық бюллетень бөлігінде былай деп айтылған:
ВАКЦИНАЛАУДАН КІМ ӨТУІ ТИІС ?
Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам.
Фиона ақпараттық бюллетеньді құрастырғаннан кейін әріптесі оған «Вирустан қорғалғысы келетін кез келген адам» деген сөйлемді оның сызып тастауы керек, өйткені ол адамды жаңылыстырады дегенді айтты.
Сіз осы сөздердің адамды жаңылыстарады және олар алынып тасталуы тиіс дегенмен келісесіз бе?
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз ...................................................................................................
........................................................................................................................................................
№5 сұрақ
Ақпараттық бюллетеньге сәйкес Фионамен персоналдан кім байланысуы керек?
A. Вакциналаудан өткісі келмеген қоймада істейтін Стив, өйткені ол өзінің табиғи иммунитетіне сенетін болар.
B. Вакциналау бағдарламасы міндетті болып табыла ма екендігін білгісі келетін сату бөліміндегі Джулия.
C. Осы қыста вакциналаудан өткісі келетін, бірақ екі айдан кейін бала тууы тиіс пошталық бөлімшедегі Эллис.
D. Вакциналаудан өткісі келетін, бірақ 17 мамырда демалыста болатын бухгалтериядағы Майкл.
Топ мүшелері piza тапсырмалармен жұмыс істеп болған соң, сабақты толықтыра отырып, қорытынды жасаймыз. (5 минөт )
Достарыңызбен бөлісу: |