Барлық оқушылар : тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін сипаттайды.
Оқушылардың басым бөлігі: тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейін салыстырады.
Кейбір оқушылар: Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтайды
- Оқушылармен амандасу
- Оқушыларды түгендеу
зейінді шоғырландыруға арналған жаттығу:
тренинг «Көршімнің портреті»
Табиғаттағы айналымдарға байланысты 3 топқа бөлінеді
1топ. Су айналымы 2топ. Ауа айналымы 3топ. Зат айналымы
Заттар-дың қасиеті-не қатысты әр түрлі суреттер
Сабақтың ортасы
Тапсырма №1 : Мәтінмен жұмыс «Ой шақыру» әдісі.
Жер бетіндегі үлкен тіршілік топтарын бір патшалыққа біріктірген.
Төрт жанды табиғат патшалығы бар: Бактериалар
Саңырауқұлақтар
Жануарлар
Өсімдіктер
Жер ғаламшарында жанды табиғат күрделі құрылған. Олар біртұтас, бір-бірімен байланысты бөліктерден - жасушалар, организмдер, түр, табиғи қауымдастықтар, экожүйелерден тұрады.
Барлық тірі организм – жасушадан тұрады.
Жасуша – жеке организм де, көпжасушалы өсімдік немесе жануар организмі де бола алады.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі. Олар тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді.
Организм – жеке өмір сүре алатын, тұтас, өзін-өзі реттейтін жүйе.
Түр – бұл құрылысы, өмір сүруі ұқсас, шағылысу арқылы өсімтал ұрпақ әкелетін және белгілі бір жерді мекендейтін тіршілік жиынтығы.
Популяция – белгілі бір жерлерде ұзақ уақыт мекендейтін бір түрдің жиынтығы.
Бір жерде бірлесіп мекендейтін және бір-бірімен тығыз байланыста болатын өсімдік, жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер қауымдастығын - биоценоз деп атайды.