Талдықорған қаласының «№10» Шоқан Уалиханов атындағы Орта Мектеп-Гимназиясы »
6 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Әділ Серікұлына
МІНЕЗДЕМЕ
Талдықорған қаласының «№10» Шоқан Уалиханов атындағы Орта Мектеп-Гимназиясы » 6 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Әділ Серікұлы 2010 жылдың 5-қыркүйекте дүниеге келген, отбасындағы 2-ші бала.
Мінезі салмақты, тұйық, жауапкершілікті сезіне біледі, сонымен қатар отбасындағы соңғы бала болғандықтан еркелік танытатын да кездері болады. . Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Мектеп өміріне белсенді араласады.
Әділ мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, бәйге жарыстарына қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Әпкесіне, анасына үнемі қамқор болып жүреді. Әділдің мақсаты –Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.
Қорытындылай келе айтарым, Арыстанбек Әділ алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін ақтайтын азамат болатынына сенемін.
Мектеп директоры: Ж.А .Медетовна
Сынып жетекшісі: Сарғызова А.М.
Достарыңызбен бөлісу: |