Сабақтың тақырыбы: Төрттік ойыны шартарымен танысу Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі388,49 Kb.
#23066
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Білім беру ұйымының атауы

40 орта мектеп

Пәні:

Дене шынықтыру

Бөлім:




Педагогтің аты-жөні:

Мәжітов Әбілқайыр Құралбекұлы

Күні:

10,11,13.09.21ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқынының ұлттық ойынының шығу тарихтарымен танысу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

Қазақтың ұлттық ойындарыиен толықтай танысады

Сабақтың мақсаты

Ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту мақсатында танысады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
5- мин

Өткен білімді еске түсіру

5- мин

Жаңа сабақ



30 -мин

Кері байланыс

5 -мин


Оқушылармен салемдесіп , секцияда бар жоғын түгендеймін.

Сабақтың тақырыбымен және мақсаттырымен таныстырам. Оқушыларды 5 тен топқа бөліп отырғызамын.


Өткен сабақтар бойынша сұрақ:

Қазақтың ұлттық ойындарындағы қауіпсіздік ережесі қандай ?


Қазақтың ұлттық ойындарымен таныстырамын.

Қазақ ұлттық ойындарында "асық ату", "сақина салмақ", "тоғызқұмалақ", "алты бақан", "ақсүйек", "Ләңгі", "Ақ сандық, көк сандық" және "көкпар" қатарлылармен тең тұратын бұл ойынның тарихы да өте ежелгі дәуірлерге барып тірелетіні анық.


Ләңгі – көшпенді қазақтың балалары ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны.

«Ләңгі қайдан шықты?» деген сұраққа келейік. Білгіш Уйкипедиа ләңгінің Орта Азия елдері балаларының арасында кеңінен таралған ойын екенін айтады және ойынның Қазақстандағы ойналу тәртібі, ережелері жайында жазады. Ғаламтор кеңістігін шарлағанымыз да ләңгі ойыны туралы аздаған деректерге жолықтық. Бұл ойын ежелгі Орта Азия жеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болыпты. Ат құлағында ойнаған дала баһадүрлері үшін аяқ пен қолдан асқан қару жоқ. Тақым мен тізе мықтылығын шынықтыруға арналған арнайы жаттығу ретінде пайда болған ләңгі кейін балалар ойынына айналған.
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бірден тигізсе, онда тігілген бар асықты сол алады, ал омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біреуіне тигізсе, сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді. Асық ойынының халық арасына кең тараған, басқа да түрлері бар.[1]

«Бес тас»  — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді.[1]

Бірлік,Екілік,Үштік,Төрттік,Жалақ, Алақан,Төрт бұрыш,Арттан тастау,Үндемес,Сарт сұрт,Қаршу,Нәби,Ұпай

Сабақ барысында сұрақ- жауап арқылы өн бойы жүреді.Сабақтың соңында бүгінгі сабақта нені біліп үйренгенін сұраймын.


Оқушылар салемдесіп рапырт береді. Сабақтың тақырыбымен және мақсаттырымен танысады.

Бес ойыншыдан топ болып отырады.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп өз ойларымен бөліседі.

Қазақтың ұлттық ойындарымен және ережелерімен танысады.

Бес тас ойынының шығу тарихымен және қандай затпен ойнайтынын, ойынының кезеңдерімен танысады

Бүгінгі сабақта білгендерін айтады.



Критерийлері
Қазақтың ұлттық ойындарындағы қауіпсіздік ережелерін біледі.

Гимнастика-лық қатты матрас,

Асық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет