Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың магнит өрісі



бет1/2
Дата06.10.2023
өлшемі3,86 Mb.
#113045
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.


Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.
Сабақтың мақсаты: Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.
Білімділік: Магнит өрісі тақырыбы бойынша магнит тізбектеріне байланысты оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, анықтамалылық мәліметтермен жұмыс жасау.
Тәрбиелік: Болашақ мамандықтарын қадірлеу және құрметтеу қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты қамтамасыздандырылуы:
а)оқу-көрнекілік құралдар: карточкалар
б)үлестірмелі материалдар: сызба
Пәнаралық байланыс: Физика, Электрмеханика, электроника және микропроцессорная техника
Өз бетінше жұмыс: Қосымша құжаттармен жұмыс сұлбаны сызып үйрену.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Студенттермен амандасу
2.Балаларды түгендеу
3.Сабақа дайындығын тексеру
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
а) Білімдерін жан-жақты тексеру:
Электр құрылғыларымен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері.
б) жаңа сабақты түсіндіруге дайындық:
Магнит өрісі тақырыбы бойынша магнит тізбектеріне байланысты оқушылардың білімділігін арттыра отырып, сабаққа деген қызығушылығын дамыту
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі:

  1. Тұрақты токтың магнит өрісі.

    1. Магнит тізбегі

1.2 Магнит өтімділігі
1. Тұрақты токтың магнит өрісі
Магнит өрісі туралы ұғымға ғылымда магниттелген денелердің немесе тогы бар сымдардың бір біріне тартылуы немесе бір бірінен тебілуі, тогы бар сымдарының магнит тіліне әсері, электромагниттік индукция құбылыстарына байланысты магнит өрістерін ұзақ бойы бақылап және уақыт зерттеулерінің нәтижесінде келді.
Магниттік құбылыстарды зерттеу және оларды іс жүзінде пайдалану мәселесімен көптеген орыс және шет елдік ғалымдар айналысты.Олардың қатарында орыс академігі Э.Х.Ленц (1804-1865), Б.С.Якоби (1801- 1874), француз физигі және математигі Ампер (1775- 1836) және т.б. болды.
Магнит өрісінің көзі – қозғалыстағы электрлік заряд, яғни электр тогы. Магнит өрісі – қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магниттік моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. “Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі Майкл Фарадей енгізген. Макроскопиялық магнит өрісінің көздері – магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс – магнит өрiсiн туғызады.
Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.
Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.

Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.
Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi.
Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы .











Лоренц күшiнiң модулi ұзындығы Δl өткiзгiш бөлiгiне әсер ететiн F күшiнiң модулiнiң өткiзгiштiң осы бөлiгiндегi қалыптасып қозғалатын зарядталған бөлшектердiң N санына қатынасына тең:
(6.5)
мұндағы q – бөлшек заряды, ν – олардың қалыптасқан қозғалысының жылдамдығы, – магнит индукциясы векторының модулi, α - жылдамдық векторы мен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет