Есеп шығару. Ұжымдық жұмыс 1 есеп. ABCDA1B1C1D1кубы берілген. AD1 және BD1 түзулердің арасындағы бұрышты табыңыз.
Шешімі:AD1 || BC1. Онда BDC1 үшбұрышын қарастырайық.
Ізделініп отырған DBC1 бұрышты табайық.
Үшбұрыштың әр қабырғасы квадраттың диагоналі болып табылады. Квадраттар бір-біріне тең болғандықтан олардың диагоналі де тең. Сондықтан, BDC1 үшбұрышы теңқабырғалы үшбұрыш => DBC1=60°
2 есеп. ABCDA1B1C1D1 кубы берілген. K нүктесі– В1 С1қырының ортасы, ал L нүктесі – С1 D1қырының ортасы. AВ1 және KL түзулердің арасындағы бұрышты табыңыз.
Шешімі:A1B1C1D1 квадратына B1D1 диоганалін жүргізейік.KL түзуі B1C1D1үшбұрышының ортасы болғандықтан, KL|| B1C1. Ізделініп отырған AB1C1 бұрышын табайық.Ол үшін AB1C1 үшбұрышын қарастырайық.Бұл үшбұрыш теңқабырғалы, сондықтан AB1C1 =60°
Сөзжұмбақ сұрақтары: Тігінен: Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
Стерометриядағы негізгі ұғымдардың бірі
Бір жазықтықта жатпайтын және қиылыспайтын түзулер
Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады?
Көлденеңнен: Барлық қырлары тең үшбұрышты дұрыс пирамида
Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы
Тік бұрыштан кіші бұрыш қалай аталады?
Үшбұрыштың екі қабырғасы мен сол екі қабырғаның арасындағы бұрышы бойынша оның үшінші қабырғасын анықтауға арналған теорема.
Өз бетімен жұмыс. 1 топ. ABCDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген.
AD және BС1 түзулердің арасындағы бұрышты табыңыз.
Жауабы:45°
2 топ.
ABCDA1B1C1D1 бірлік кубы берілген.
AD және СА1түзулердің арасындағы бұрышты табыңыз. Жауабы:
3 топ. ABCDA1B1C1D1бірлік кубы берілген.
AD1 және А1В түзулердің арасындағы бұрышты табыңыз.
Жауабы: 60° Тест тапсырмалары.
Бүгінгі сабақта: - кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу
Рефлексия.
-Не білдім, нені үйрендім?
- Нені түсінбедім?
- Немен жұмыс жасау керек, неге назараудару керек?
- Сабақтағы қандау жұмыс ұнады және не себепті?
Үйге тапсырма. №16.10.
Тақырыпты меңгергенін анықтау
Оқушылар рефлексия жасайды:
10.3.2 - түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштың анықтамасын білу, кескіндей
алу және оның шамасын табу;
10.3.3 - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
Бағалау критериі:
-жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын біледі; -жазықтықтар арасындағы бұрышты кескіндей алады; -екіжақты бұрыштың шамасын табады.
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату
Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;
Тапсырмалардың жауаптарын жазу.
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Уақыты
Кезең дері
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
5 минут
Ұйым
дастыру
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Кеңістіктегі бұрыштар тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: - жазықтықтар арасындағы бұрыштың (екіжақты бұрыш) анықтамасын білу, кескіндей алу және оның шамасын табу;
Ұйымдастыру кезеңі. Үй жұмысын тексеру.
Амандасады.
Үй жұмысын айтады.
Сұрақтарға жауап береді
Оқулық
10 мин
Сабақ тың ортасы
Негізгі бөлім
Тақырып
ты ашу
1.Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар. Кеңістікте қандай түзулерді параллель түзулер деп атайды?
Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулерді параллель түзулер деп атайды.
Параллель түзулердің қандай қасиеттерін білесіңдер?
а) түзуден тысқары орналасқан нүкте арқылы осы түзуге параллель болатын жалғыз ғана түзу өтеді
ә) екеуі де үшінші бір түзуге параллель болатын түзулер өзара параллель болады.
Қандай түзулерді айқас түзулер деп атайды?
Қиылыспайтын және бір жазықтықта жатпайтын түзулер
Екіжақты бұрыш.
Жартыжазықтықтар екіжақты бұрыштың жақтары деп, ал олардың ортақ шекарасы екіжақты бұрыштың қыры деп аталады.
Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы
Өзара тең екіжақты бұрыштардың сызықтық бұрыштары да тең.
Екіжақты бұрыштың шамасы деп оның сызықтық бұрышының шамасы аталады.
Қажетті анықтамаларды жазып, сызбаларды сызады.
a. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш
b. Жазықтықтар арасындағы бұрыштың анықтамасы
c. Екіжақты бұрыш (бұрыштың жағы, бұрыштың қыры,) деген не?
d. Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деген не?
e. Екіжақты бұрыштың өлшеуіші сызықтық бұрыштың қалай таңдап алынғандығына тәуелді болмайтындығы неліктен?
Жеке жұмыс. В тобынан 17.14-жаттығу. Хеопс пирамидасы туралы қосымша сұрақтар қою. Әр дұрыс жауап үшін жеңілдік беріледі, яғни есептің шешу алгоритмінен көмек көрсету. Жауабы: 1,2, 500 Қосымша тапсырма: С тобынан 17.22-жаттығу. Елордамыздағы пирамида ғимараты-«Бейбітшілік пен келісім сарайы» туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, тапсырманы орындауға ынталандыру. Әр дұрыс жауапқа есептің шешу алгоритмінен көмек беріледі. Жауабы: 2.
Хеопс пирамидасы туралы, пирамида ғимараты туралы қысқаша ақпарат(Қосымша 2)
Өз бетімен жұмыс. Тест тапсырмалары.
Оқулықтан №16.5, №16.6.
Дескриптор: -сызбадан екіжақты бұрышты белгілейді;
-екіжақты бұрыштың шамасын анықтайды.
Дескриптор: -сызбадан екіжақты бұрышты белгілейді;
-бұрыштың тангенсінің анықтамасын қолданады;
-екіжақты бұрыштың тангенсін есептейді;
-бұрыштың жуық мәнін табады.
Дескрипторлар: -сызбадан пирамиданың бүйір жағы мен табан жазықтығы арасындағы екіжақты бұрышты белгілейді;
-бұрыштың тангенсінің анықтамасын қолданады;
-екіжақты бұрыштың тангенсін табады