6. Тежелу басталғанда локоматив бағдаршамнан 500 м қашықтықта еді. Осы кезде оның жылдамдығы 72 км/сағ болатын. Егер локоматив 0,1 м/с² үдеумен тежелсе, 40 с өткенде оның бағдаршаммен салыстырғандағы орны
7. Екі мотоциклшінің қозғалыстары �х1=15+t² және �x2=8t� теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты
8. Екі дененің қозғалыс теңдеулері �x1=10t�+0,4t² және �x2=−6t�+2t². Олардың кездесетін орны мен уақыты
9. Тыныштық күйінен бірқалыпты үдемелі қозғалыспен қозғала бастаған дене 5-ші секундта 90 см жүрді. Дененің 7-ші секундтағы жүрген жолы
10. Дене 75 м биіктіктен 10 м/с жылдамдықпен тік төмен тасталды. Дененің жерге соғылар мезеттегі кинематикалық энергиясы 1,6 кДж. Дененің жерге соғылар мезеттегі жылдамдығы мен массасы (ауаның кедергісін ескермеңіз) қанша?
11. Қандай да бір биіктіктен төмен құлаған дененің бастапқы жылдамдығы 5 м/с. Осы дененің 5 секундта жүретін жолы
12. Велосипедші бастапқы жылдамдығы 2 м/с және тұрақты 0,8 м/с2 үдеумен таудан түсіп келеді. 10 с кейін оның жылдамдығы қандай және қозғалысы қандай бағытта болады?
13. К.Э. Циолковский «Жерден тысқары» деген кітабында ракетаның ұшуын қарастырып, 10 с кейін ракета бақылаушыдан 5 км қашықтықта болады деп жазған. Ракета қандай үдеумен және қандай жылдамдықпен қозғалған?
14. Автокөлік жолдың төрттен үш бөлігін 60 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған бөлігін 80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автокөліктің орташа жылдамдығын анықтаңыз.
15. Жолаушылар пойызы 0,3 м/с² үдеумен қозғала отырып тежегішті іске қосады. Егер пойыздың қозғалыс жылдамдығы 108 км/сағ болса, онда тежегішті вокзалдан қандай қашықтықта іске қоса бастау керек?