«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Бәйтерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:у=ах², у=ах³ және у=k/x ( k≠0) түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
Педагогтің аты-жөні:
Мамбеткаримова М
Күні:
01.12.2023
Сыныбы: 7 «А»
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
у=ах², у=ах³ және у=k/x ( k≠0) түріндегі функциялар, олардың графиктері және қасиеттері
Барлық оқушылар істей алады:y=ax² (a≠0) функциясының графигін сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: y=ax³ (a≠0)функциясының графигін салады.
Кейбір оқушылар істей алады: у=k/x (k≠0) функциясының графигін салып, қасиеттерін біледі.
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен сабақты тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигіне жалпы сипаттама беріңдер.
2.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін салудың қандай тәсілдері бар?
Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.
Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.